02
апрель
2020
"Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі? тақырыбында ата-аналарға онлайн желісінде жиналыс өткізді
Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде бүгін, 2.04.2020 күні сынып жетекшілер "Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі? тақырыбында ата-аналарға онлайн желісінде жиналыс өткізді. Ондағы мақсат- Еліміздегі болып жатқан жағдайға түсіністікпен қарап, ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай білім алуда бізбен бірге болу болатын. Ата-аналармен "zoom", "WhatsApp " желілері арқылы қосылып, қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сынып жетекшілер: ата-аналар еңбірінші кезекте балаларының білім алуына жағдай жасай отырып, оларға көмектесу керектігін түсіндірді. Әңгіме барысында тіпті, балалармен қашықтық сабақтардың кейбірін "меңгеріп","үйренуге " тырысып, сабақтардың тартымдылығын жоғарлата алатынын білді. Мысалы, балаға сұрақтар қойып, дисскусияға қатысу арқылы сабақты қызықты, әрі танымдық ойын - жаттығуына айналары сөзсіз екенін білді. Бұл бала үшін мотивацияны жоғарлату мүмкіндігі болса, ал ата-аналар үшін өз баласын тануға және түсінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Әрине, сынып жетекшілерге әрбір ата-аналармен сөйлесу оңайға түскен жоқ, бірақ та мол тәжірибенің, шеберлігінің нәтижесінде бүгінгі қашықтық сабақтарын өз дәрежесінде өткізе білді.