14
ноябрь
2018
Қыз балалар - болашақ аналар
Жасөспірім қыздарды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысы бойынша анықтама.
Тақырыбы: Қыз балалар - болашақ аналар (баяндама) Мақсаты:1. Мектебіміздің қыз балаларына келешекте болашақ ана екенін әрқашан жадында ұғындыру,олардың тәрбиесіне аса көңіл бөлу.
2.Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас жайында және ананың отбасында атқаратын рөлі туралы әңгіме жүргізу.
3.«Қызды қырық үйден тыю» мақалының мағынасын аша отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға,имандылыққа,инабаттылыққа,үлкенді сыйлауға т.б.әдептілікке тәрбиелеу.Қыз бала қай уақытта болмасын әдемілікпен әдептіліктің, сұлулық пен нәзіктіктің символы.Әрбір отбасы,әке мен ана әсіресе қыз баласын ылғи да жібектей мінезімен,уыздай тәтті қылығымен, іскерлік -ұқыптылығымен, сыпайы -салмақтылығымен, әдепті –ізеттілігімен иманды- инабаттылығымен, күміс – күлкісімен көргісі келеді. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, мәпелеп,жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырады.жасөспірім шақтағы олардың балқыған,толқыған,еліктегіш қасиеттерін ескеріп,оған қырық үйден тыйым салу керектігін де үнемі еске алып отырады.Қыз бала 14-15 жасқа жетісімен-ақ бой түзей бастайды.Үсті басын таза ұстап, сәнді киінуге, өзінің есейгенін сезініп айналасындағыларға әдемі, сымбатты көрінуге тырысады. Модаға сай киіну, қымбат киімдерің болсын деген сөз емес,аз ғана киімің болса да оны ұқыптылықпен, орны- орнымен, яғни үстіндегінің бәрі бір- бірімен үйлесіп тұрсын деген сөз.Қыз баланың бүкіл кескін- келбеті отырып – тұрысы,жүріс – жүгірісі, сөз сақтауы,елмен бірге қарым – қатынасы т.б әсем де , нәзік болуға тиіс. Ер жеткенге дейін ата – ана тәрбиесі елеулі орын алса, ес кіріп ой мен бой толысқан кезде қыз бала өзін – өзі ұдайы тәрбиелеп , өзін ауыздықтап тежеп отыру аса маңызды. Қыз абыройы- болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. Халық өсіп келе жатқан қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып,оларды орындап отыруды да қыздың абыройы деп санаған. Оған мынадай игі істерді жатқызған: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, ананы сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу ,ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау,өнерлі болу т.б .От басында да, балалар бақшасында да, мектепте де оларды қыз абыройына сәйкестеп тәрбиелеу – баршамыздың міндетіміз болып саналады.
Қыздар гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу туралы өткізілген іс – шаралар бойынша хабарлама
Күні: Қазан айы
Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу
Мақсаты:
1) Келеңсіз жағдайлардың алдын алу, болдырмауға кеңес беру.
2) Әрбір қыз баланың өз болашағына өзі балта шаппай, денсаулығының келешегі үшін жауапкершілік сезімін оята отырып, салауатты өмір салтын ұстану.
3) Тазалықты санитарлық қатаң түрде сақтауға тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Мектеп медбикесі Қ. Тилеубаеваның баяндамасы:
Қазір сендер жыныстық жетілуі кезеңі деп аталатын жас мөлшеріндесіңдер. Сендердің ағзаларыңда өзгерістер өтуде, кеудең дамуда, бөксең дөңгеленіп, аналық жыныс бездеріңде аналық жасушалар өсіп жетілуде.Ол- «етеккірің». Бұл кезеңнен бастап қыз бола бастадың,жүкті болып қалуың мүмкін, егерде өзіңді ұстай алмасаң. Қазіргі сәтте, сен немесе сенің құрбыларың, мүмкін тулаған сезімдердің бұрын белгісіз қарам–қатынастардың куәсі, шексіз бақыт құшағында боларсыңдар. Бұл сезімдер әр түрлі тұңғиық армандарда, ғажайып қиял сезімдерге, құпия кездесулерде, іңкәр сүйісулерде, беріліп ғашық болуда, жыныстық қарым–қатынастар туралы ойлар білінеді. Жыныстық өмірдің басы–әр адам үшін өте жауапты кезең. Бұл үшін тек физиологиялық жетілуден басқа, сондай–ақ әлеуметтік жетілу, өзің, өз денсаулығыңның келешегі үшін жауапкершілік сезім аса қажет. Ерте болатын жыныстық қарым – қатынастарға «жоқ» деп айта білу керек, бұдан қорықпау қажет. Мүмкін болатын салдардың: қалаусыз жүктілік пен аборт, жыныстық жолдар мен берілетін инфекциялар мен ВИЧ/СПИД жұқтыру естеріңде болсын. Сен енді бала емессің! Енді сен тек өзіңе ғана емес, сондай–ақ жақындарың мен сені қоршаған жора–жолдастарыңмен қарым–қатынастарға жауап бересің. Жаңа өмір белесі – жаңа жауапкершілік.
Бәрі өз қолыңда, Салауатты өмір салтын ұстан!
Жасөспірім қыздардың жүктілігінің алдын алу және анықтау жұмыстарының жүргізу барысы бойынша анықтама.
Тақырыбы: Қыз балалар - болашақ аналар (баяндама) 1. Мектебіміздің қыз балаларына келешекте болашақ ана екенін әрқашан жадында ұғындыру,олардың тәрбиесіне аса көңіл бөлу. 2.Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас жайында және ананың отбасында атқаратын рөлі туралы әңгіме жүргізу. 3.«Қызды қырық үйден тыю» мақалының мағынасын аша отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға,имандылыққа,инабаттылыққа,үлкенді сыйлауға т.б.әдептілікке тәрбиелеу.
Қыз бала қай уақытта болмасын әдемілікпен әдептіліктің, сұлулық пен нәзіктіктің символы.Әрбір отбасы,әке мен ана әсіресе қыз баласын ылғи да жібектей мінезімен,уыздай тәтті қылығымен, іскерлік -ұқыптылығымен, сыпайы -салмақтылығымен, әдепті –ізеттілігімен иманды- инабаттылығымен, күміс – күлкісімен көргісі келеді. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, мәпелеп,жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырады.жасөспірім шақтағы олардың балқыған,толқыған,еліктегіш қасиеттерін ескеріп,оған қырық үйден тыйым салу керектігін де үнемі еске алып отырады.Қыз бала 14-15 жасқа жетісімен-ақ бой түзей бастайды.Үсті басын таза ұстап, сәнді киінуге, өзінің есейгенін сезініп айналасындағыларға әдемі, сымбатты көрінуге тырысады. Модаға сай киіну, қымбат киімдерің болсын деген сөз емес,аз ғана киімің болса да оны ұқыптылықпен, орны- орнымен, яғни үстіндегінің бәрі бір- бірімен үйлесіп тұрсын деген сөз.Қыз баланың бүкіл кескін- келбеті отырып – тұрысы,жүріс – жүгірісі, сөз сақтауы,елмен бірге қарым – қатынасы т.б әсем де , нәзік болуға тиіс. Ер жеткенге дейін ата – ана тәрбиесі елеулі орын алса, ес кіріп ой мен бой толысқан кезде қыз бала өзін – өзі ұдайы тәрбиелеп , өзін ауыздықтап тежеп отыру аса маңызды. Қыз абыройы- болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. Халық өсіп келе жатқан қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып,оларды орындап отыруды да қыздың абыройы деп санаған. Оған мынадай игі істерді жатқызған: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, ананы сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу ,ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау,өнерлі болу т.б .От басында да, балалар бақшасында да, мектепте де оларды қыз абыройына сәйкестеп тәрбиелеу – баршамыздың міндетіміз болып саналады.