30
октябрь
2021
3 сынып ата-аналары арасында спорттық волейбол спартакиадасы ұйымдастырылды
Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. 30 қазан күні Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне 30 жыл толуына орай кезекті 3 сынып ата-аналары арасында спорттық волейбол спартакиадасы ұйымдастырылды. Мақсаты: ата-аналар мен мектептің байланысын нығайту, ата-аналардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынастарын байланыстыру, денсаулықтарын нығайту және салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Әр отбасында ата - ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. Спартакиада дүйсенбі күні 4- сыныптардың ата-аналары арасында ойын өз жалғасын табатын болады.