16
октябрь
2021
Спорт - денсаулық кепілі
Спорт - денсаулық кепілі. Спорт адамның рухани дамуына, салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі. Бүгін, 16.10 күні Владимир Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне 30 жыл толуына орай 1-11сыныптардың ата-аналары арасында спорттық волейбол спартакиадасы басталды. Мақсаты- ата-аналар мен мектептің байланысын нығайту, ата-аналардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынастарын байланыстыру және мектеп өміріне араластыруға шақыру, денсаулықтарын нығайту. Мектеп басшысы, Б.Қыстауов ата-аналарды құттықтап, сәттілік тілеп, бұл ойынның маңызымен жете түсіндіріп өтті.
Бүгінгі ата-аналар арасындағы волейбол ойыны,тек 1-сыныптардың ата-аналар арасында өтілу де. Келесі сенбіде, екінші сыныптардың ата-аналары арасында өткізіледі. Осылайша ойын өз жалғасын табатын болады.