01
ноябрь
2021
4 сыныптың ата-аналары арасында волейболдан жарыс
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 1 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай кезекті 4 сыныптың ата-аналары арасында волейболдан жарыс өтті. Бұл жарыс отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден жарысқа қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды. Сонымен қатар, бұл жарыс мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында спортты кеңінен насихаттау, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және ұлттық патриоттық сезімді оятуға үлкен үлесін қосуда. Волейбол жарысымыз 2 қараша күні 5 сыныптың ата-аналары арасында өз жалғасын табатын болады.