05
ноябрь
2022
Ата-аналарға арналған семинар практикум
Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адмгершілігі мол ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Ал отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша. Сол себепті де бүгінгі ата аналар жиналысын ерекше үлгіде жасап өткіздік . Семинар практикум тақырыбы: Жақсы тәрбие- өмір кілті!
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс –тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым –қатынас орнату.
Ата аналарды қарсы алып, түрлі-түсті жүрекшелер арқылы топқа бөліп отырғыздық. Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана демекші семинар практикум, ата-аналарға жағымды көңіл күй тудыру мақсатында «Жылжи отырып амандасу» атты ойын жаттығуымен басталды.
«Отабсы құндылықтары», «Бала тәрбиесінің бас ұстазы ата-ана» тақырыбында бейне көрсетілімдер көрсетіліп ата аналарға баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасының берері өте көп екендігі туралы бір-бірімен ой бөлісіп өз көзқарастарын білдірді.
Өзін-өзі тану қабілетін, қарым-қатынасты дамыту мақсатында
«Жұдырық» жаттығуы, «Ұрса отырып мақта» жағдаятық көрініс жасатып ата аналар өздерінің қандай сезімде, қандай күйде болғандарын жеткізіп жатты. Ата-анар өз перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында тәрбиелеудің нәзік жақтарымен зандылықтарымен бөлісе отырып «Алтын ереже» құрастырп , постер қорғады.
Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болады дей отырып «Барлығыңызға тілерім.......» атты рефлексиялық кезеңмен аяталды.
Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң» деп дана ұлы Абай айтқандай, бала тәрбиелеуде кешікпейік дегіміз келеді. Бала – жаратушының сыйы, ата-ананың қуанышы, мектеп өмірінің – сәні!