"Елдіктің жеті тұғыры" - егемендіктің ертеңгі ғұмыры » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » » "Елдіктің жеті тұғыры" - егемендіктің ертеңгі ғұмыры
30
ноябрь
2021

"Елдіктің жеті тұғыры" - егемендіктің ертеңгі ғұмыры

"Елдіктің жеті тұғыры" - егемендіктің ертеңгі ғұмыры
     Біздің тәуелсіздігіміз - кешегі тарихы терең ұлтымыздың арманы, бүгінгі егеменді ел ұрпақтарына берілген, білектің күшімен, найзаның ұшымен келген, ата-бабамыздың  құнды да қасиетті аманаты. Тәуелсіздіктің тұрақты, егемендіктің мәңгілік болуы бүгінгі сіз бен біздің қолымызда. Жаһандық заман ағымына ілесе отырып, бірлік пен келісімде, ата-баба мұрасы мен аманатын сақтай алып, ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті ел бола білсек - тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болары анық. 
       Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің "Елдіктің жеті тұғыры" атты үндеуінде осы дүниелерге басты назар аудару керек екенімізді айқындай түсті. Елбасы атап өткен елдігіміздің жеті тұғырын бүгінгі өскелең ұрпақ бойына сіңіру сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұстаздардың, яғни біздің басты міндетіміз. 
      Биыл 30 жылдық торқалы тойын тойлағалы отырған Тәуелсіздік кез-келген қазақстандық үшін қасиетті де киелі құндылық болуы керек. Біз тәуелсіздіктің қадірін білген сайын ол өміршең бола бермек. Қазақтың бар жетістігін кілті - "тәуелсіздік" деп айтар едім. Тәуелсіз ел болғанда ғана біздің ұлт ретінде бар арман мақсатымыз орындалады. Міне, сондықтан да Елбасымыз "бірінші тұғыр - тәуелсіздік" деп нақты атап көрсетті. 
     Ұлт бірлігі - басты қағидаға айналуы тиіс. Біз бірлік пен келісімде өмір сүргенде ғана дербестігімізді, ата-баба мирас еткен халық қазынасы жерімізді сақтап қаламыз. Жерімізді сақтау, қорғау, келер ұрпаққа мирас ету барлығымыздың міндетіміз. Елдіктің негізгі тірегі - отбасы. Отбасылық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді ұлықтай білсек, оны өскелең ұрпақ бойына сіңіре білсек ұлттық мәдениеті жоғары ұрпақ қалыптастыра аламыз. Біздің жастарымыз табыстың кілті тынымсыз еңбек пен үздіксіз білім екенін түсінуі қажет. Сонда ғана біз бәсекеге қабілетті, әлемдік аренада ойып тұрып орын алатын, алпауыт мемлекеттермен терезесін тең ұстайтын қуатты мемлекетке айналамыз.
        Елбасының бұл үндеуі - қаймағы бұзылмаған қазақ қоғамына, жастарына жолдаған өсиеті деп есептеймін. Ал сол өсиетті өсіп келе жатқан, елдің ертеңгі тұтқасын ұстар жастарымыздың бойына сіңіру ұстаздар үшін үлкен жауапкершілік.

https://www.facebook.com/100006573949493/videos/879607386051452/​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив