22
ноябрь
2018
"Ұлы даланың жеті қыры"
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын мектеп ұжымына таныстыру
Анықтамасы
Анықтамасы
21 қараша күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы жарияланды. Бұл мақала «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының жалғасы екенін мектеп директоры Б.Қыстауов түсіндіре отырып, мектеп ұжымына "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын таныстырып өтті. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім Ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп отырғаны адамдарды ойландырады.Жылқының қолға үйретілуі атқа мінуі мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.Ұлы дала халқы металл өндіру мен терең тарихымен мақтана алады. Сондай-ақ, Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғаты да елеусіз қалмады. Ал, мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді. Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты 6 тапсырма жүктеді. Оның ішінде «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттер бар екені айтылды.
Тарих пәнінің мұғалімі Е.Садыков «Ел газеті- Егеменді» Елбасының тариxи сананы жаңғыртуға бастайтын бағдарламалық мақаласының жарық көргенін, тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілгенін айтып өтті. Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз екенін түсіндірді. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі деп түсіндік. Осындай игі бастамаға атсалысу - әрқайсымызға қастерлі міндет.
[/center]
[center]