11
декабрь
2017
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған «Туған жер – туған ел» тақырыбында өткізілген интерактивті сабақтың Анықтамасы
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған «Туған жер – туған ел» тақырыбында өткізілген интерактивті сабақтың
Анықтамасы
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Мектебімізде 30 қараша күні Тұңғыш Президент күніне арналған «Туған жер – туған ел» тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді. 10 – 11 сыныптар арасында «Сұлтан Бейбарыс» фильмінен үзінді көрсетілді. Фильм көрсетілгеннен кейін, оқушылармен талқыланды. Фильмнің осы үзіндісі сабақтың негізгі идеясын анық жеткізіп, Отан туралы жоғары түсінік әрқашанда түсінікті және түсінуге болатын, бірақ адамның рухани өмірін таңқаларлықтай түрде сипаттайтыны туралы айтылды. Сонымен бірге сынып жетекшілер оқушыларға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі бағыттарына түсініктеме берілді.