25
октябрь
2017
«Латын әліпбиі – ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі» тақырыбында біріңғай ашық сынып сағаттары
.№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында латын әліпбиіне көшудің «Латын әліпбиі – ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі» тақырыбында біріңғай ашық сынып сағаттарының өткізілген
Анықтамасы
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 2017 жылдың 11 қазандағы №01-11/600 хатын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында латын әліпбиіне көшудің мектебімізде 2017 жылдың 23 қазан күні «Латын әліпбиі – ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі» тақырыбында біріңғай ашық сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажет екенін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.
Осы мақалаға сәйкес оқушылар латын әліпбиіне көшу өзектілігімен жан-жақты таныстырылды. «Мемлекет басшысын латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа жобасымен таныстыру», «Елбасының латын әліпбиіне қатысты жұмыс тобымен танысуы», «Латын қарпіне көшуге байланысты М.Шахановтың пікірі», «Қоғам қайраткерлерінің талдауы» сынды видео материалдар көрсетіліп, оқушылардың аталмыш мәселеге қатысты ойлары тыңдалды. Елімізде алға қояр мәселенің бірден бірі ол- тіл. Осы орайда айтар болса, барлығымызға мәлім латын әліпбиіне ауысу еді. Осыған орай өткізілген ашық сабақтары бойынша оқушылар латын қарпіне көшудің өзектілігімен жан-жақты танысты.