20
октябрь
2017
Сынып сағаттар
Бағдарлама аясында латын әліпбиіне көшудің желілік кестесіне сәйкес 12 қазан күні 9-11 сынып оқушылар арасында «Мен және менің тілім» тақырыбында бірыңғай ашық сабақтары өткізілді. Оған сынып жетекшілермен қазақ тілі пән мұғалімдері бекітілді. Осы мақалаға сәйкес оқушылар латын әліпбиіне көшу өзектілігімен жан-жақты таныстырылды. «Мемлекет басшысын латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа жобасымен таныстыру», «Елбасының латын әліпбиіне қатысты жұмыс тобымен танысуы», «Латын қарпіне көшуге байланысты М.Шахановтың пікірі», «Қоғам қайраткелерінің талдауы» сынды видео материалдарды көрсетіп,оқушылардың аталмыш мәселеге қатысты ойлары тыңдалды.