26
январь
2023
“Тәрбие жүйесін ұйымдастырудың тиімді әдістері”
2023 жылдың 23 қаңтарында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде “Тәрбие жүйесін ұйымдастырудың тиімді әдістері” тақырыбында сынып жетекішлерге арналған семинар-тренинг өтті.
Мақсаты: Сынып жетекшілерге көмектесу. Тәрбие сағатында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану; Сынып жетекшілердің өз мақсат міндеттеріне мән беру, оқушымен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасауға көңіл бөлу.
Тренинг барысында мектеп-лицейіміздің тәжірибелі сынып жетекшілері жас сынып жетекшілерге тәрбие сағатын ұйымдастыру, сынып жетекшінің негізгі міндеттері және сынып сағатының қысқа мерзімді жоспарын дұрыс жасау бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Тәрбие жұмысындағы сынып жетекшінің негізгі қызметі мен міндеттері» тақырыбында 10 “А” сынып жетекшісі және 8-11 сынып жетекшілерінің әдістемелік жетекшісі -Бектенбаева Қарлығаш Аширгазиевна түсіндіру жұмысын жүргізді.
«Отбасының іргетасы -бала» ата -аналар жиналысын өткізу жолдары тақырыбы бойынша бастауыш сынып жетекшісі, шығармашыл ұстаз Қожабекова Назира Оманқызы - жас сынып жетекшілерге ата-ана жиналысын өткізудің формаларымен таныстырды.
«Тәрбие сағатының ҚМЖ-ының жасалуы мен өтілуі» коучинг 4»Ә» сынып жетекшісі және шығармашыл ұстаз-Күлебаева Анар Медерқызы тәрбие сағатын жасаудағы қолданылатын тапсырмалар жөнінде пікір алмасу өткізді.
«Барлығы өз қолыңда» (Все в твоих руках )- ашық тәрбие сағаты (оқушылармен, ата-аналармен)7а, 7г сынып жетекшілері, тәрбиенің әдістеме бірлестік жетекшілері Идрисова Руфина Азизовна, Жеңіс Нұрым. Нұрбақытқызы оқушылармен тәрбие сағатын өткізді.
Тренингтің қорытындылау барысында мектеп директоры -Б. Қыстауов бала өміріндегі сынып жетекшінің рөлі жөнінде өз кеңестерімен бөлісті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Н.Анисова тәрбие сағатының оқушыға берер тағылымы жөнінде құнды пікірлерге тоқталды.