02
ноябрь
2022
Сынып жетекшілер отырысы
Мектебімізде 1.11.күні сынып жетекшілер отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
"Елтаңба, Ту, Гимн -Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Қасым Жомарт Тоқаев
Оқушылардың позитивті этносаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, этносаралық толеранттылық қалыптастыру мәселелері бойынша, жадынамамен таныстыру.
I тоқсанның қорытындысы, ll тоқсанда атқарылатын жұмыстар
Жоба жұмыстарының жүргізілуі
Оқушылардың үйірмеге қатысуы
Тәрбие сағатының өтілу сапасы айтылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258-III.
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады. Мемлекеттік Гимн, жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шаралар өткізілген кезде орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай бұрады.
Оқушыларды позитивті этносаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, этносаралық толеранттылық қалыптастыру мәселелері бойынша сынып жетекшілерге Жадынамамен таныстырылды.
Міндеттер: Оқушыларда басқа этностар мен конфессиялар өкілдеріне жағымды қарым-қатынастар қалыптастыру;
-Өскелең ұрпақ арасында этносаралық толеранттылыққа тәрбиелеуді қамтамасыз ету және тиімді этносаралық коммуникацияны дамыту жөніндегі жұмысқа, азаматтық біртұтастықты бекіту және этносаралық қатынастар мәселелерін үйлестіруге ықпал ету;
-Оқушылардың
Оқу және оқудан тыс қызметтері арқылы этностық және конфессиялық дәстүрлер мен салттарға өзара құрмет атмосферасын сақтау; мектепте оқушылар арасында жанжал жағдайларының алғышарттары мен факторларын уақытылы анықтау және олармен әрі қарай алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру.
Мектеп психологтары осы қараша айында суицидтің алдын алу жұмыстарымен таныстырып, сынып жетекшілермен тренинг өткізді. Баламен жақын қарым-қатынас орнату керектігін, баланы мұқият тыңдау, түсіну, көмек қолын созу, әлеуметтік жағдайын анықтау сияқты тапсырмалармен бөлісті.....
Сынып жетекшілер көптеген мәліметтермен танысып, практикада қолданатындарын жеткізді....