«Жас маман жұмысындағы кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары» тақырыбындағы аудандық вебинар-практикум өткізілді. 2021 жылдың 31-наурызында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » » «Жас маман жұмысындағы кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары» тақырыбындағы аудандық вебинар-практикум өткізілді. 2021 жылдың 31-наурызында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей
02
апрель
2021

«Жас маман жұмысындағы кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары» тақырыбындағы аудандық вебинар-практикум өткізілді. 2021 жылдың 31-наурызында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей

«Жас маман жұмысындағы кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары» тақырыбындағы аудандық вебинар-практикум өткізілді.
2021 жылдың 31-наурызында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің базасында жас мамандарға оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен іс – тәжірибедегі педагогикалық әдіс – тәсілдерді қолдануда кәсіби әдістемелік қолдау көрсету  мақсатында  «Жас маман жұмысындағы кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары» тақырыбында аудандық вебинар-практикум өткізілді.
Вебинарға аудан мектептерінің 37 жас маман қатысты. Вебинар барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Б. Байтулекова алғы сөз айтып, қатысушыларды вебинардың күн тәртібімен таныстырып өтті. 
«Жас мамандардың мектепке бейімделуіне әсер ететін факторлар» тақырыбы бойынша мектеп директоры Б.Қыстауов жас мамандардың жұмысында кездесетін қиындықтар және оны шешудің жолдарына тоқталды, жас маманның мектепке бейімделуіне әсер ететін факторларды атап өтті.
 «Менің жетістігімнің формуласы» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары І.Жүнісжанов жас маман жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, жұмыс жоспарын құру, перспективті даму жоспарының құрылуы және іс-шаралардың ұйымдастырылуымен таныстырып өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
  Вебинар барысында жаңартылған білім беру аясында панорамалық сабақтар көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Жұматаева «Шұғаның белгісі» тақырыбындағы 9-сыныпқа арналған панорамалық сабағын көрсетсе, бастауыш сынып мұғалімі М.Ю.Тян «Писменное умножение трехзначного числа» тақырыбындағы 3-сыныпқа арналған математика пәнінен панорамалық сабағын көрсетті.
«Трудности в целеполагании   при планировании урока и пути их решения» тақырыбында химия пәнінің мұғалімі И.В.Авдонькина сабақ жоспарын жасауда сабақ мақсаттарын дұрыс қоюды, сабақ мақсатын қою кезінде жіберілетін қателер мен оны шешу жолдарымен таныстырды.
«Оқу мен оқытудағы қиындықтар мен кедергілер және оларды жою жолдары» тақырыбында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары С.М. Сейсенбаева жас мамандардың  оқытудағы қиындықтар мен кедергілері және сол олқылықтарды жою бойынша өзінің іс-тәжірибесімен бөліссе, «Жас мамандар мектебінің» жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Арыстанбекова «Жас маман мектебі» жұмысын  ұйымдастыру  мен  мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дайындығын жақсарту жолдары» тақырыбындағы баяндамасында жас мамандардың жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, тәлімгерлер жұмыстары, жас мамандарды мектептің қоғамдық өміріне араластыру бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар соңында жас мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, Ж.Байтулекова вебинар-практикумды қорытындылап, жас мамандар жұмысына сәттілік тіледі.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив