«Жиынтық бағалаудың нәтижесін талдау. Рубрика мен модерация» » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » » «Жиынтық бағалаудың нәтижесін талдау. Рубрика мен модерация»
18
март
2021

«Жиынтық бағалаудың нәтижесін талдау. Рубрика мен модерация»

«Жиынтық бағалаудың нәтижесін талдау. Рубрика мен модерация»-тақырыбындағы аудандық вебинар-практикум өткізілді.
2021 жылдың 18-наурызында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің базасында жас мамандарға әдістемелік көмек беру мақсатында  «Жиынтық бағалаудың нәтижесін талдау. Рубрика мен модерация»-тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.
Вебинарға аудан мектептерінің 38 жас маман қатысты. Вебинар барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Б. Байтулекова және мектеп-лицей директоры Б.Т. Қыстауов алғы сөз айтып, қатысушыларды вебинардың күн тәртібімен таныстырып өтті. 
«Жиынтық бағалау нәтижесін талдау»-тақырыбы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Т. Жазбакова жиынтық бағалаудың дұрыс жүргізілуімен таныстырып, жиынтық бағалау нәтижесін талдау жұмыстарының үлгілерімен таныстырды. «Рубрика-описание уровня учебных достижений учащихся»-тақырыбында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары С.М. Сейсенбаева ата-аналарға балаларының оқу жетістіктерінің нәтижесімен таныстыру үшін берілетін рубрика үлгісімен таныстырды. Жиынтық бағалаудан кейін берілетін рубриканың берудің әдістеріне тоқталды.
«Модерацияның жүргізілу үдерісі»-тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары І.С. Жүнісжанов модерация жұмыстарының жүргізілу тәртібімен, модерация отырысында мүшелерінің іс-әрекетімен таныстырды. Сонымен қатар жаратылыстану-математика бағытындағы биология пәні мұғалімдері модерацияға ұсынылған жұмыстарды іс-тіжірибе жүзінде көрсетті.
Іс-тәжірибемен бөлісу барысында жас мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Аудан әдіскері Ж.Б. Байтулекова вебинар-практикумды қорытындылап жас мамандар жұмысына сәттілік тіледі.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив