30
март
2021
«Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді үш тілде оқытудағы іс-тәжірибе»-тақырыбында аудандық семинар-практикум
2021 жылдың 30-наурызында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің базасында үш тілде білім беретін пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді үш тілде оқытудағы іс-тәжірибе»-тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.
Вебинарға аудан мектептерінің 98 пән мұғалімі қатысты. Вебинар барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері С.К. Қалдыбай және мектеп-лицей директоры Б.Т. Қыстауов алғы сөз айтып, қатысушыларды вебинардың күн тәртібімен таныстырып өтті.
«Сабақ мақсатын қою: SMART»-тақырыбы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары І.С. Жүнісжанов үш тілде білім беру бойынша оқу мақсаттарына сәйкес сабақ мақсаттарын дұрыс қою бойынша іс-тәжірибемен бөлісті.
Осыдан кейін пән мұғалімдері панорамалық сабақтар және іс-тәжірибемен бөлісті.
Іс-тәжірибемен бөлісу барысында үш тілде білім беретін пән мұғалімдері тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Аудан әдіскері С.К. Қалдыбай вебинар-практикумды қорытындылап үш тілде білім беретін пән мұғалімдері жұмысына сәттілік тіледі.