«Жас маманға көмек – заман талабы» » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
15
декабрь
2017

«Жас маманға көмек – заман талабы»

«Жас маманға көмек – заман талабы»

       Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы  ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, сұранысқа ие бола алатындай кәсіби маман, білікті педагог болу.  Заманауи прогрессте  әрбір  білім ошағы мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай   білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын ұстаздарды тәрбиелеуде.   
      Осы орайда 2017 жылдың 12 желтоқсанында  №9 В.А.Савва атындағы орта мектепте «Жас маман жұмысындағы кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары» атты семинар өткізілді. Оған аталған мектептің, сонымен қатар Меркі ауданының жас мамандары қатысты. Семинардың өтуіне Меркі ауданы  әкімдігінің білім бөлімі ұйытқы болды. Аудандық жас мамандарға арналған семинарды өткізудегі мақсат айқын. Жас мамандарға оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен іс-тәжірибедегі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануда кәсіби әдістемелік қолдау көрсету.

«Жас маманға көмек – заман талабы»


«Жас маман жұмысындағы кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары» атты семинардың ашылуында  мектеп директоры Б.Т.Қыстауов, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі С.Т.Бопиева мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Б.Байтулекова  сөз кезегін алып, жас мамандарға сәттілік тілеп, бүгінгі өтетін семинардан ұстаздық жолдарына үлкен тәжірибе алатындарын тілге тиек етті.

«Жас маманға көмек – заман талабы»

«Жас маманға көмек – заман талабы»

 

 

     Келесі кезекте директордың оқу ісінің меңгерушісі Е.С.Литвинова өткізген «Знакомство» атты психологиялық тренинг арқылы жас мамандар бір-бірімен танысты. 

«Жас маманға көмек – заман талабы»


      Семинар барысында жас ұстаздарымыз оқыту тілі бойынша екі топқа бөлініп, жаңартылған білім беру мазмұны  аясындағы ашық сабақтарға қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулекова Гулсім жас мамандар өз іс-  тәжірибелерінде  қолдануға мүмкін  болатын оқытудың белсенді  әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, 5 «В» сыныбымен қазақ тілі пәнінен «Судың пайдасы» тақырыбында ашық сабақ өткізсе, бастауыш сынып мұғалімі С.В.Вишнякова 2- сынып оқушыларымен орыс тілі пәнінен  « Туған жердің табиғаты»  тақырыбында  АКТ мүмкіндіктерін қолданып  өткізді.  Өткізілген  сабақтардың   жас  ұстаздарға әдістемелік жағынан тигізер пайдасы зор болды.     
 

«Жас маманға көмек – заман талабы»

«Жас маманға көмек – заман талабы»

 

     Осыдан кейін жас мамандар «Оқу мен оқытудағы қиындықтар мен кедергілер және оларды жою жолдары» тақырыбындағы  химия пәнінің мұғалімі Д.М.Абуталиеваның және мектеп директоры Б.Т.Қыстауовтың  жүргізілген коучинг сабақтарына қатысты. Коучинг барысында «Сіз сабақ берген бірінші  күніңізде оқушы сізге «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз», - деді. Сіз не деп жауап бересіз?»,  « Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай тақырыпты дұрыстап түсіне алмай мұғалімге: «Мұғалім, мені келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?» Мұғалім не деп жауап беруі керек?», «Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыс түсіне алмайтындығын айтып: «Мен не алаңдататынын айттым, мұның себебі және не істеу керектігін айтыңызшы». Мұғалім не деуі керек?» деген ситуациялық сұрақтар таратылып, жас мамандар өз ойларын ортаға салды. «...Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,-  деп А. Байтұрсынов айтқандай  жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдер таныстырылып, талқыланды. Коучинг соңында «Екі шабадан» кері байланысы ұсынылып,  ұстаздар өздері үшін алған және келешекте қолданатын ақпараттарды ашық шабаданға салса, екінші жабық шабаданға өздері үшін алған бірақ қолданбайтын ақпараттарын салды. 
 

«Жас маманға көмек – заман талабы»


      Келесі кезекте  «Жас маман мектебі» жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Г.С.Кунбасова   «Жас маман мектебі» жұмысын  ұйымдастырудағы,    мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дайындығын жақсарту жолындағы  мектептің атқаратын жұмыстары бойынша іс – тәжірибемен бөлісті.   
 

«Жас маманға көмек – заман талабы»


      Семинар соңында жас мамандар  оқыту мен оқудағы кедергілер және оларды жою жолдарын, сабақта нақты SMART мақсат қоюды,  оқытудың  әдіс- тәсілдерін таңдауда, бағалаудың түрлерін  дұрыс ұйымдастыру жолында әдістемелік көмек алғандықтарын,  келешекте өздерінің жаңадан бастаған кәсіби еңбек жолында  тиімді пайдаланатындықтарын  айтып, алғыс білдірді.

«Жас маманға көмек – заман талабы»

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив