10
апрель
2019
Үздік жас ұстаз-2019 форумы
Үздік жас ұстаз-2019 форумы
2019 жылдың 29-30 наурызы күндері Алматы қаласында Қ. Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясы және «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының бірлесуімен «Үздік жас ұстаз-2019» атты республикалық ІІ-форумы болып өтті. Елбасының сындарлы саясатын қолдау және ел дамуына үлес қосу, жас мұғалімдердің мәртебесін көтеру, біліктілігін арттыру, жастар жылының аясында жас педагогтарға қолдау білдіру, жас ұстаздардың мектеп өміріндегі өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған форумға Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінен ағылшын тілі пәні мұғалімі Әуесханова Айгүл Берікханқызы, физика пәні мұғалімі Сансызбаева Айнұр Жолдасбековна, информатика пәні мұғалімі Жүнісжанов Ілияс Садықұлы қатысты. Форум барысында өткізілген шаралар негізінде «Жас маман жұмысында кездесетін қиындықтар және одан шығу жолдары» тақырыбында баяндама оқып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар педагогикалық тәжірибеде жеткен жетістіктеріне байланысты «Үздік бес ұстаз» қатарына енді. Форум қатысушылары өздерінің белсенділіктерін танытқаны үшін «Үздік жас ұстаз» төсбелгісімен марапаттталды.