Мектептің шығу тарихы
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің негізі 1875 жылы қаланды.
1941 жылы жаңа ғимаратқа көшіп онжылдыққа ауысты.
1951 жылы – алғашқы мектеп түлектері шығарылды.
1990 жылы – мектепте екі тілде оқыту басталды.
1998 жылы – компьютер орталығы құрылып, интернет жүйесіне қосылды.
2001 жылы – салауатты өмір салтын қалыптастыру қолға алынды.
2001 жылы «Жылы бұлақ» балалар бақшасының ғимараты бастауыш сыныптарға бөлінді.
2007 жылы – интерактивті тақта қолданылады.
2008 жылы – Бағдарлы оқыту бойынша тірек мектебі болды.
2009 жылдан бастап «Онлайн» жүйесіне қосылып, жұмыс жасай бастады. 2009-2010 жылдан бастап АКТ-ны иеру жұмыстарын игеру қолға алынды.
2017- 2018 жылы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында салынған 3 қабатты жаңа ғимаратқа көшірілді. Ғимарат 600 орындық.
Бұл мектепте 1907-1910 жылдары елі үшін еңіреп туған мемлекет қайраткерлері Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, 1909-1912 жылдары Мақсұт Жылысбаев оқыды. 1941 жылы мектеп жаңа екі қабатты ғимаратқа көшіріліп, орыс тілде оқытатын онжылдық білім беру жүйесіне ауысты. Аудан көлемінде екі мектеп: В.А.Савва атындағы, Трубицын атындағы мектептер онжылдық мектеп болып бірінші ашылған. Алғашында осы мектеп ғимараты 1941-1944 жылдар аралығында госпиталь ретінде пайдалануға берілді. Мектептегі қосалқы ғимараттың салынуына «Красный Восток» ұжымы атсалысты. Алғашқы мектеп түлектері 1951 жылы шықты. Мектептің директоры Тамченко Анна Абрамовна 1943-1973 жылдары мектепті басқарды.
[center]
Анна Абрамовна 1938-1941 жылдары Қырғызстан Мемлекеттік Педогогикалық институтында табиғаттану және химия пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын 1941 жылы №9 В.А.Савва атындағы мектепте 5-7 сыныптарға биология-химия пәндерінен дәріс беруден бастаған. 1943 жылдың маусым айында мектеп директоры қызметіне тағайындалған. 1973 жылы шілде айында зейнетке шығуына байланысты мектеп директоры қызметінен босатылған. А.А.Тамченко мектеп ұжымын басқарған жылдары көптеген жетістіктерге жетті. 1959 жылы 20 ақпанда облыстық білім басқармасының және кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, 1968 жылы 20 маусымда Қазақстан КП Меркі аудандық комитетінің Алғыс хатымен марапатталған. А.А.Тамченко 30 жылдан аса уақыт бойына аудандағы ең ірі орта мектептің бірінде педогогикалық коллективке басшылық етіп, ең құрметті және игілікті жұмыс, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіне көп күш қуатын жұмсады.
1973-1981 жылдары Хамин Андрей Максимович мектеп директоры қызметін атқарды.
Зубарева Людмила Ивановна - ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру үздігі. Алғаш еңбек жолын осы мектепте тәлімгер (пионер вожатый) болудан бастап, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс берген, директордың орынбасары қызметін атқарған. Ерен еңбегінің нәтижесінде 1981 жылдан бастап 2003 жылға дейін мектеп директоры қызметін атқарды. Ауданда «Ұлағат ассоциясына» жетекшілік етті. Аудан мәслихатына бірнеше рет депутаттыққа сайланған. Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылдан бастап мектепте қазақ сыныптары ашылып, екі тілде оқыту басталды. Мектепте 1998 жылы компьютер орталығы құрылып, интернет жүйесіне қосылды. 2001 жылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қолға алынды, мектептегі сыныптардың көптігіне байланысты «Жылы бұлақ» балалар бақшасының ғимараты бастауыш сыныптарға берілді. Л.И.Зубарева мектеп ұжымын басқарған жылдары көптеген ұстаздар абыройлы еңбек етті. Атап айтсақ, физика пәнінің мұғалімі Халитова Марина Набиевнаға «Қазақ КСР- ның білім беру ісінің үздігі», химия пәнінің мұғалімі Лопарева Раиса Александровнаға «Аға оқытушы» атағы берілді.
2003-2014 жылдары Асипа Асанқызы Қалқабаева мектеп директоры қызметін атқарды. Асипа Асанқызы Қалқабаева – жоғарғы санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2005 жылы Білім қызметкерлерінің «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты фестивалінде терең мағыналы шығармашылығы мен туған ел мәдениетін көрсетудегі қосқан үлесі үшін «Өнеге» номинациясы дипломымен марапатталды. 2006 жылы Республикалық қоғамдық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі байқаудың жеңімпазы атанып, «Үздік ұйым, кәсіпорын» номинациясын жеңіп алғаны үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясының Дипломымен марапатталды. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін 2008 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Мектепте алғаш рет 2007 жылы интерактивті тақта қолдануға берілсе, 2008 жылы бағдарлы оқыту бойынша тірек мектебі болды. 2009 жылдан бастап оқытудың «Онлайн» жүйесіне қосылып, АКТ -ны алғашқылардың бірі болып пайдаланып жұмыс жасай бастады.
Аталмыш мектептің түлегі Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлы 2008-2013 жылдары мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2014 жылдан мектеп директоры «Оқыту мен тәрбиенің тиімді әдістерін» орынды пайдалана білетін ұстаз.
КОЙШИМАНОВА НУРИЛА СЕЙСЕМБАЙҚЫЗЫ
Меркі ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінің директоры
Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін 2011 жылы Алматы қаласында өткізілген республикалық семинар аясында «Білім ұйымдары басшыларының кәсіби құзырлығын қалыптастырудағы инновациялық амалдар» атты мазмұнды көрме жұмысы үшін, 2015-2021жылдары «Үздік жұмыс беруші», 2016 жылы «Білім беру ұйымының іскер – көшбасшысы» облыстық байқауында І дәрежелі, 2017 жылы «Педагогикалық идеялар» республикалық конкурсында ІІ дәрежелі дипломдармен, «Қазақстан маслихаттарына 20 жыл» медалімен, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасым, Облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамоталарымен. 2020 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалімен, 2021 жылы Тәуелсіздік 30 жылдық мерекелі медалімен, 2022 жылы ҚР «Білім Беру Ісінің Құрметті Қызметкері» медалімен марапатталдым.
Меркі аудандық мәслихатының V,VI шақырылымының депутаты, бүгінгі күні аудандық Қоғамдық кеңес төрайымы.
2023 жылдың тамыз айынан бастап Меркі ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің директоры қызметін атқарып келеді.