02
февраль
2023
«Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз»
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.
Әдісі: проблемалық, ой қозғау, эвристикалық.
Тәрбие сағатының барысы:
Оқушылар және ата-аналар екі топқа бөлініп отырады «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранмен тәрбие сағаты бастадық.
1-ші сұрақ бақытты балалық шақ деген не ?
Ассоциация әдісі бойынша бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа?
( күн суреті) әр топтан бір адам қорғайды.
1-топ
2-топ.
Мұғалім өз сөзімен түсіндіріп кетті.
2-ші сұрақ: Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? .
- Эмоциялық зорлық
- Физикалық зорлық
- Қауіп-қатер
- Балаларды анасына қарсы қолдану.
2-сұрақ бойынша мұғалім түсіндірме жұмысын жүргізіп, зорлық-зомбылықтың түрлеріне сипаттама берді.
3 сұрақ: «Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)
1-топ
2-топ:
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек. Ата-аналар балалармен бірге «Бала құқығы» ағашын және «Ата-ана құқығы» шаңырағын жасап, постер қорғады.
Қорытынды. Ата-аналар мен оқушылардан кері байланыс алынды.