Хабарлама Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні туралы » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » Хабарлама Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні туралы
16
июнь
2017

Хабарлама Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні туралы

                                                 Хабарлама

Мақсаты:Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні туралы мәлімет беру,еңбек инспекторының міндетерімен таныстыру,келісім комиссиясы туралы ережесімен таныстыру.

28- сәуір- Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне байланысты мектебімізде дөңгелек үстел өткізілді. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні туралы баяндаманы тарих пәні мұғалімі Пакырадинова Света оқыды. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні- халықаралық еске алу күндерінің күнтізбесінде 1996 жылдан бері пайда болды.Қазіргі кезде әлемнің жүзден аса елінде еңбекті қорғаудың шешілмеген мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған іс шаралар ұйымдастырылады.Олар жергілікті үкімет органдарының, кәсіподақ ұйымдарының,жұмыс берушілер және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің қолдауымен өткізілетіндігі туралы айтып өтті.

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметіндегі негізгі міндет-кәсіподақ мүшелерінің пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.Мектебіміздегі техникалық инспектор география пәні мұғалімі Әбілжанов Сакен. Техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.Бақылаудың мақсаты-қызметкерлерге пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау,өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу және уақытында дұрыс есепке алынуын бақылау болып табылады.Техникалық еңбек инспекторы өз қызметінде мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара әрекет ететіндігі жөнінде айтып өтті.

Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы туралы ереже туралы Кушанова С айтып өтті. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы тұрақты қызмет атқаратын орган болып табылады.Келісу комиссиясы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы ұйымда туындайтын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі сотқа дейінгі міндетті бастауыш орган, туындаған барлық жеке еңбек дауларын қарауға міндетті орган екендігін айтып өтті.

 

     

                Кәсіподақ төрайымы                          С.Н.Кушанова     

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив