17
сентябрь
2024
Жас өспірімдердердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері
Жас өспірімдердердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері
Мектебімізде 17.09.күні биылғы оқу жылына арналған алғашқы 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған, ата-аналарды қолдау сабағы өткізілді.
Мақсаты: Ата-аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауы жасөспірімнің денсаулығын және психикалық саулығын сақтау фаторы ретінде қарастыру.
Міндеттері: Ата-аналардың жасөспірімнің ұйқы сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ынталандыру.
Жасөспірімдердің танымдық белсенділігі мен мінез-құлқына ұйқының әсерін түсінуге ықпал ету;
Ұйқы сапасын жақсартуға көмектесу үшін практикалық дағдыларды дамыту.
Мектеп директоры Н.Сейсенбаевна ата-аналарға ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағының маңыздылығымен таныстырып, баланы тәрбиелеу ортақ мәселе екенін, бірге қолдау, көмек беру, үйрету, бағыт беру біздің үлкендердің жауапкершілігі екенін сөз етті. Уақыт тауып, бала тәрбиесіне барынша назар аударуға шақырды.
Мектептің ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағының жоспары бойынша шығармашыл ұстаздар сабаққа толық дайындалып, ата-аналарға сабақты жүргізді. Ата-аналардың ойын тыңдап, кері байланыс жүргізді. Ұйқыға арналған кеңестерге құлақ асты.
Жасөспірімге ұйқыны жақсартуға қалай көмектесеміз?
Балаңызбен ақылға қонымды, ыңғайлы ұйықтау уақытын талқылап, келісіңіз (жұмыс және демалыс күндері)
Жасөспірімнің көпшілігі демалыс күндері "жатқанды" жақсы көреді-жұмыс күндеріне қарағанда бір-екі сағат ұйқыдан кеш тұру тұрақты ұйқы режимін береді. Жексенбі сайын ерте ұйықтауға дағдыландырыңыз.
Үй тапсырмасы немесе компьютерде отыру уақыты сияқты әрекеттердің уақытын баланста ұстаңыз.
Жасөспірімнің апта сайынғы кестесін бірге сараптаңыз және оны шамадан тыс жүктемесіне назар аударыңыз.
Жасөспірімге мектептен кейін ұйықтауға кеңес беріңіз, бұл жасөспірімге күш жинауға көмектеседі.
Ұйықтар алдында 4 сағат бойы кофейн, шоколад және ауыр жаттығулардан бас тарту қажақ, себебі ұйқы бұзылады. Сонымен бірге, ноудбук, смартфон, теледидар қарау не болмаса үй тапсырмасын орындау секілді әрекеттерден бас тартуы тиіс