30
ноябрь
2023
Ақыл айтпа,жол көрсет
Ақыл айтпа,жол көрсет
Бүгін, 29.11 күні мектебімізде 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған екінші сабағымыз өткізілді.
Тақырыбы: Ақыл айтпа, жол көрсет. Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді. Мақсаты: Ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: бейімделу кезінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатынын түсіндіру, балаға қолайлы жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету болатын. Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна ата-аналарға сабақ барысын түсіндіріп, ынтымақтастық,құрмет, жауапкершілік, жауаптылыққа шақырды. Сабақ барысында ата-аналар төрт топқа бөлінді. Ата-аналарға бірден сұрақтар берілді. Балаңыз 5 -сыныпқа барғанда қандай қиындықтар туындады? Баланың бейімделуіне қалай көмектесуге болады? Баланың мектептегі қиындықтары сияқты талдау сұрақтары беріліп, ата-аналар бірге ақылдасып орындады...
Ата-аналарға чек-парақтары жадынама таратылды.
Баламен жиі әңгімелесу, айтқан сөздеріне қызығушылық таныту.
Баланы мектептегі бағалары үшін емес, іс-әрекеттері үшін жазалаңыз және марапаттаңыз. Баланың үй тапсырмасына көмектесу Баланың неге қызығатынын анықтаңыз. Үйдегі жайлы атмосфераны сақтаңыз....деген сияқты маңызды кеңестермен бөлісіп, сенімділік таныту қажеттігі әңгімеленді. Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, үлкен алғыстарын жеткізді
@ogu_agartu_minisirligi
@gani.beisembaeyev
@medetbekovameruert