11
ноябрь
2023
Көркем мінез-баға жетпес байлық
Көркем мінез-баға жетпес байлық
9.11 күні мектебімізде 10-11сынып ата-аналарына арналған екінші педагогикалық сабақ жүргізілді.
Мұғалімдер: Ш.Айтбаева, И.Авдонькина, мектеп психологы П Байтугелова өткізді. Сабаққа 30 ата-ана қатысты.
Сабақтың тақырыбы: Көркем мінез-баға жетпес байлық. Эмоционалдық интеллект-табысты тұлғаның негізі
Сабақтың мақсаты: Ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту болды.
Өмірге оң көз қараспен қарау ұлттық құндылығымыз.
Сабақ барысында ата-аналарымыз, алғыстарын білдіріп, өздері эмоционалды сауаттылыққа ие болғанын,эмоционалды интеллек құралдарын қолдануды үйренді. Шағын топпен жұмыс жасалды. Эмоционалды интеллект-бұл өзіңіздің және басқалардың эмоцияларын тану және оларды басқару қабілеті. Эмоциялармен достаса алсақ, адамдармен де қарым-қатынас орната алады екенбіз. Ата-аналар, біліп, түсініп, жақсы ойларымен бөлісті. Бірнеше жаттығулар мен жағдаяттарды шеше білді. Мектеп басшысы Н. Койшиманова ата-аналармен ашық сөйлесіп, бағыт-бағдар беріп, өз ойымен бөлісті. Сабақ өте тартымды жүйелі жүргізілді. Қатысқан ата-аналарға үлкен рақмет айтамыз