«Баланың бас ұстазы – ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу» » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » «Баланың бас ұстазы – ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу»
19
октябрь
2023

«Баланың бас ұстазы – ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу»

18-қазан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде  «Баланың бас ұстазы – ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу»  тақырыбында ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау мақсатында ата-аналар ұжымына семинар сабақ өткізілді. 
Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас барысына психологиялық қолдау көрсету болды. Семинар барысында ата-ана бойында ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттерді дамыту: ата-ананың борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрметі, сенімі, қамқорлығы, ашықтығы, адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, оптимизм, позитивті ойлау, эмоционалдық интеллект, ынтымақтастыққа дайын болуы туралы ой қозғалды.  Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру негіздері айтылды.  Позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен танысты.  Мектеп ұстаздары ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге бағыт-бағдар бере отырып көмектесті.
«Бала тәрбиесі басты байлығың,  кешіксең көретінің қайғы-мұң»  деп дана Абай айтқандай, бала тәрбиелеуде кешікпейік дегім келеді. Бала - жаратушының сыйы, ата-ананың қуанышы, мектеп өмірінің - сәні!
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы  алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив