03
февраль
2022
«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында өткізілген іс-шарасы
«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында өткізілген іс-шарасы Владимир Савва атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 2022 жылдың 2 ақпанында 1-11 сынып оқушылары арасында балалардың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында «Мейірімділік» тақырыбында бейнеролик тамашалап, мағынасы бойынша өз ойларын білдірді. Сонымен бірге, балалардың ата-анасына, бір –біріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында тренинг жүргізілді. Тренинг арқылы балалар әдепті, мейірімді, қайырымды, бауырмал болу керек екенін түсінді. Сүйіспеншілік- асыл құндылық. Ол адамнан адамға берілетін қуат. Адамның шынайылығы оның ақ ниеті, таза ойы, жылы сөзі және игі ісінен көрінеді. Риясыз сүйіспеншілік марапат, сый талап етпейді. Нәтижесінде балалар өздеріне жақын адамдарға адал, қамқор болу, бірі-біріне көмектесе отырып, олармен әрқашан адамгершілік, мейірімділік, ізгілік қасиеттерін жоғары ұстау керек екенін түсінді.