23
ноябрь
2021
«Сүйіспеншілік әрбір жүректе»
Сонымен қатар, Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде жалпы педагогтар қауымына рухани білім мен тәрбие берудің маңыздылығы айтылды. Қазіргі заманауи білімді ішкі біліммен, рухани-адамгершілік мағынамен толықтыру керек. Білім алу-өмір сүру үшін ақша табу емес, білім алу дұрыс өмір сүру үшін болу керек.
«Сүйіспеншілік әрбір жүректе» такырыбында мектеп психологы С,Абашева тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында, риясыз сүйсіпеншілік, рухани байлық жүректегі махаббат туралы жұмыстар жүргізілді. Әрбір қатысушы педагог, мұғалімдер рухани азық алып адамзаттық құндылықтар мен ақиқат, шынайылық, адамшгершілік тәрбие негіздері туралы білімдерін толықтырды.