22
ноябрь
2021
«Жалпыадамзаттық құндылықтар-тұлғаны рухани адамгершілік тәрбиелеудің негізі»
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Р.И.Сейдрахманова «Жалпыадамзаттық құндылықтар-тұлғаны рухани адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты жалпы адамзаттық құндылықтар мен рухани тәрбие негіздерін қалыптастыру. Болашақ жас ұрпақты рухани бай, адамгершілігі мен ізгілік қасиеті дамыған тұлға етіп тәрбиелеу. Семинар барысында қатысушылармен «Менің есімім», «Менің құндылықтарым» жаттығуы жасалынып, Жалпыадамзаттық құндылықтар - тұлғаны рухани адамгершілік тәрбиелеудің негізі» баяндамасы (слайд) оқылды. Өзін-өзі тану сабағының жоспарын құру бойынша әдістемелік ұсынымдар (Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары) және сабақты талдау тәсілі (алгоритмі) талқыланды.