02
февраль
2022
«Өзін өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»
Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында «Өзін өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікті өткізу іс-шара жоспары бойынша «Сүйіспеншілік – өмір негізі » тақырыбында рухани сабақ өткізілді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұялату үшін сүйіспеншілік, ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау, сияқты адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету еді.
Сүйіспеншілік –тіршіліктің тірегі. Риясыз сүйіспеншілік –тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр, әрі ең басты қуат көзі. Ал, адамгершілік – адам баласының бойындағы асыл қасиет, ең маңызды, әрі керемет құндылық екендігі айтыла отырып, оқушылар бес құндылықтың адам өміріндегі маңыздылығын айтып, пікір алмасып, ой талдады.
Оқушылар екі топқа бөліне отырып «сүйіспеншілік» құндылығы бойынша постер қорғады. Риясыз сүйіспеншілігі мен мейірімі бар жас ұрпақ тәрбиелеу ісінде ерінбей атқарған педагогтар қауымының еңбегіне сәттілік тілейміз.