13
октябрь
2023
Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу
Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу
2023 жылдың 12 қазанында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің директоры Н.Койшиманова ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту мақсатында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен сабақ өткізді.
Сабақ барысында жиналысқа келген ата-аналар ұлы ақын Абайдың “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің негізгі тірек сөздері болып саналатын “Талап”, “Еңбек”, “Терең ой” сөздері бойынша үш топқа бірікті.
Ата-аналар “Балаңыздың мектеп бітіргенде қандай болғанын қалайсыз?”, “Ата-ана баланы дербестікке тәрбиелеу үшін қандай амалдарды қолдана алады?” секілді сұрақтар барысында ой-пікірлерімен бөлісті.
Ата-аналар топта жұмыс жасай отырып, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Кесте толтырды.
”Тепе теңдік дөңгелегі” атты тапсырмада ата-аналар қағазға шеңбер сызып, оны бірнеше секторға бөлді. Әр секторды он бөлімге бөліп, баланың өмірінде маңызды орын алатын салаларды атады. Мектеп-лицейіміздің ата-аналары “Білім”, “Денсаулық”, “Қоршаған орта”, “Хобби”, “Рухани даму” деп аталатын балаға маңызды өмір салаларын жазды.
Жиналыс соңында ата-аналар рефлексия кезінде өздеріне ұнаған қызықты сәтті атап, келесі де осындай мақсаттағы сабақтар өз жалғасын тапса екен деген тілек білдірді.
Бүгінгі жиналысқа қатысқан барша ата-анаға мектеп-лицей ұжымы өз алғысын білдіреді. Болашақта бала өмірінің жарқын болуына ата-ана мен мектеп бірдей үлес қосу керек. Осы жолда бірлігіміз нығайып, ұйымшылдығымыз ажырамасын.