22
декабрь
2023
Білімдіге дүние жарық
Білімдіге дүние жарық
Бүгін, мектебімізде 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған үшінші сабақ өткізілді.
Мақсаты: Ата-ананың өмірге деген көзқарасы н өзгерту. Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Ата-аналардың бойында ұлттық құнлылықтар мен жеке қасиеттері: Ынтымақтастық, ата-ана борышы, құрмет, жаңалық, білмекке құмарлық, креативтілік. Ата-аналардың тілегі-баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Сабақ барысында, баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар. Балалардың теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек? -деген сияқты жағдаяттық сұрақтар берілді.Ата-аналар сабақ барысында еркін, тұшымды жауап беріп, белсенділік көрсетті.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдында алған еркесі. Көңіліне көп жұбаныш. Гүлденіп ой-өлкесі, -деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю,оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген.
https://www.facebook.com/100030510421153/videos/1516138582453215/