14
февраль
2022
«Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен креативті ойлауын қалыптастыруға бағытталған үздік тапсырма облыстық байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.
2022 жылдың 11 ақпаны күні Владимир Савва атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде білім алушыларды PIZA - 2022ж халықаралық зерттеулеріне қатысуға дайындау бойынша іс-шаралар жоспарына сай «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен креативті ойлауын қалыптастыруға бағытталған үздік тапсырма облыстық байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Байқау мақсаты : әртүрлі оқу пәндері материалдарының негізінде функционалдық сауаттылықты және креативті ойлауды қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды және авторлық әдістемелерді таңдау, түрлендіру, әзірлеу және оларды сабаққа кіріктіру біліктері бар педагогтерді анықтау. Мектеп директоры Б.Қыстауов функционалдық сауаттылықты дамытуда әрбір пән бойынша теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай тәжірибелік маңызы ескерілуі тиіс екенін айта келе, байқауға қатысушыларға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Байқауға математика пәні мұғалімі Н.Байтанаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л. Алметова, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Идрисова, химия пәні мұғалімі Н.Жеңіс қатысып, шебер-сыныптар көрсету арқылы функционалдық сауаттылық компоненттерінің бірін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларын ұсынып, тапсырманы сабаққа енгізу әдістемесін қорғады.
Байқау барысында сарапшы топта жоғары санатты педагог –ардагер К.Танкеева, педагог- шебер Г.Кунбасова, Г.Арыстанбекова, педагог-зерттеуші С.Вишнякова, М.Мушенова төрешілік етті. Байқау нәтижесінде І орынды Л.Алметова, ІІ орын Н. Байтанаева, ІІІ орынды Р.Идрисова, Н.Жеңіс иеленді. Жеңімпаздар байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алды.
Ағартушы Ж.Аймауытов айтқандай «Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмірде пайдаланатын болады.