«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру» » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру»
10
февраль
2022

«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру»

10-ақпан күні бастауыш сыныптар арасында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында оқыту семинары өтті. 
  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Б.Көкрекбаева қатысушыларды семинардың мақсатымен таныстырды. Бастауыш сыныптарда функционалдық сауаттылықтың жүргізілуі туралы кіріспе сөз жасады.  Семинар мектеп  психологы С. Абашеваның  тренинг жүргізуімен басталды. Одан әрі қарай педагог–зерттеуші А.Нұрмаханова «Мәтінді оқу және түсіну бойынша бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында, «PIRLS- Международное исследование качества чтения и понимания текста» тақырыбында Н. Леснова  баяндама жасап,өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. PIRLS халықаралық зерттеуі бойынша жүргізілген оқушылардың жұмыстарымен таныстырды. Баяндамада сынып оқушыларының жұмыстары мен қорытындысы көрсетілді. Мәтінмен жұмыс барысындағы тиімді тұстарын атап өтті. Келесі баяндама «TIMSS халықаралық зерттеу тапсырмаларын сабақ барысында пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында жасалды. Педагог-сарапшы А.Абуева математика, жаратылыстану пәндері бойынша жүргізілген тапсырмалармен, сол бойынша жасалған салыстырмалы мониторингпен және қандай нормативті құжаттар болу керектігін слайд арқылы таныстырды. 
Семинар практикалық бөліммен жалғасты. Қатысушылар топқа бөлініп, тапсырмалар орындады.1-топқа жылқы силуеті салынған Баяндамада сынып оқушыларының жұмыстары мен қорытындысы көрсетілді. Мәтінмен жұмыс барысындағы тиімді тұстарын атап өтті. парақтар таратылды. Тапсырма: жылқының суретін толық аяқтау, әркімнің салған суреті бойынша минездеме беру. Мектеп директоры: Б.Т.Қыстауов пен оқу ісінің меңгерушісі С.М.Сейсенбаева осы топта қатысушылармен бірге белсене тапсырманы орындады. 2-топ аңдар туралы ертегі бойынша оқушының қасиеттерін анықтап, постер қорғады. 3-топ таратылған жаңғақ арқылы негізгі ойды зерттеп, жаңғақтың сырты бірдей болғанымен, ішіндегі дәні әртүрлі болатындай, оқушыны да солай тану керектігін топ болып қорғады.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив