10
март
2022
"Оқуға құштар мектеп"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Пайда ойлама,ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге... деп, Абай атамыз айтқандай,
Бүгін, Владимир Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру бойынша ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен аудандық тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Семинар мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын, ынтасын қалыптастыру бағытында жүргізілген жұмыстармен таныстыру, іс -тәжірибемен бөлісу болатын.
Сонымен бірге, баланың көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру болатын. Семинарға, аудандық мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кітапханашылар және мектебіміздің сынып жетекшілер қатысты.
"Оқуға құштар мектеп" жобасының әдістемелік ұсыныммен және мектептегі атқарылып жатқан жұмыстармен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анисова Назгүл Төлендіқызы толық таныстырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасымен бөлісті.
"Кел,бірге кітап оқимыз!" тақырыбында Б.Мусралиева бастауыш сыныптарындағы атқарылған жұмыстарымен толық бөлісті. Балалардың оқыған кітаптары бойынша жазған жұмыстары, шығарған өлеңдері, сонымен бірге ата-аналармен бірігіп жасаған, қолға киіп ойнайтын кейіпкерлер киімдерін т.б жұмыстарды көрсетті. Ли.О "Ертегілер әлімінде" бойынша "Алдар Көсе" ертегісінің қойылымы көрсетілді. Сонда балалар ертегілерді оқып қана қоймай, рөлдік образда көрсете білді. Р. Идрисова "Ал просторам литературы" тақырыбында оқылған кітаптардың жарнамасымен таныстырып, оқушылары кітап жайында пікірлерін білдірді. Мектеп кітапханашысы А.Алимбекова "Көңілді үзіліс" ашық алаңын оқушылармен көрсетіп өтті. Мектеп кітапханасында Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасын ата-аналармен, дарынды оқушылармен Л.Абуева мен А.Мұхтанова таныстырды. Ата- аналар, оқушылар кітаптан алған әскерлерін, тәрбиелік мәні бар шығарманы кеңінен талқылады. Семинар соңында қонақтар Т.Рысқұловтың "Тарихи-өлкетану" мұражайымен танысты.
Кітап-білім азығы. Күш- білімде, білім-кітапта.....Дарынды, білімді, иманды балаларымыз көп болсын....