22
апрель
2021
2020 – 2021 оқу жылында «Ағылшын тілі» пәні бойынша жасаған мотивациясы төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстар туралы
2020 – 2021 оқу жылында «Ағылшын тілі» пәні бойынша жасаған
мотивациясы төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстар туралы
Анықтама
Қыркүйек айында мотивациясы төмен оқушылар анықталып, білім деңгейінің төменділігінің себептері, мінезі, жанұя жағдайы анықталды. Сыныптың деңгейіне қарай мотивациясы төмен оқушыларға арналған жыл жоспары бекітілді. Тақырыптар оқушылардың оқу деңгейіне қарай жеңілдетілген түрде беру жоспарланды. Жоспарда алынған тақырыптар :
Бастауыш сыныптарға өз деңгейіне қарай: Танысу, Әріптер, Сандар, Жануарлар, Дене мүшелері, Қимыл қозғалыстар ойындары, Мен және менің отбасым, Мен және менің достарым, Менің мектебім,There is,There are айналымы,етістіктің шақтары және т.б. тақырыптар өтілді
Орта және жоғары буын сыныптар үшін «Дыбыстардың оқылуы және жазылуы», «Сөздік қорды байыту», «Мәтінді оқу және мәтінмен жұмыс», «Дұрыс және бұрыс етістіктер», «Сын есім және сын есімнің шырайлары», «Ағылшын тіліндегі шақтар» сияқты әр сыныптың өз деңгейіндегі тақырыптармен жұмыстар жүргізілді. Бұл қосымша сабақтар аптасына бір рет өткізу ұйғарылды. Өткізілетін уақыты және кабинеті бекітілді. Сыныптағы үлгерімі жақсы оқушыларға мотивациясы төмен оқушыларға көмектесу жүктелді. Тапсырмасы жылдам және жеңіл түрде алынған «Кім жылдам» атты интеллектуалды ойындар өткізілді. Бұл ойын оқушылардың мотивациясын көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Тоқсан сайын байқау, тестілеудің ағылшын тілі пәні бойынша мониторинг жүргізілді. Ата-аналармен, сынып жетекшілермен үнемі байланыс жасалды. Оқушыларға психологиялық, ақпараттық қолдау көрсетілді.
Бастауыш сыныптарда:Еркебаева Г.,Сайлау М.,Әуесханова А.,Қыстауова Ж, т.б.
Орта және жоғары сыныптарда: Айтимбетова Ж.,Атыхан А.,
Гамидова Э.,Жансеитова Г.,Тургумбаева Г.,Дуйсекулова Р.,Жумагулов А.,
Сырлыбаева Л.,Леоньтева Т. және т.б.