13
апрель
2021
«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің математика-информатика пән әдістеме бірлестігі отырысында «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №548 бұйрығына сәйкес «Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру» тарауы қаралып, талқыланды.
Осы мақсатта І-ІІ тоқсан қашықтықтан оқу барысында оқушылардың түсінуіне, қабылдауына қиындық туғызған тақырыптар, мақсаты ауқымды тақырыптардан қосымша сабақ өткізу мақсатында жоспар жасалып, әдістеме бірлестік отырысында қаралды. Осыған сүйене отырып, ауқымды және күрделі мақсаттарды тереңдете оқытуды көздей келе оқушылардың қабылдау деңгейіне қарай тақырыптарды кеңейтіп, ата-аналардың келісімімен 15 оқушыдан аспайтын топтарда қосымша сабақтар кестесі бойынша, оқушыларға қосымша сабақтар өткізілуде.