Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі өткізген айлықтың анықтамасы » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі өткізген айлықтың анықтамасы
02
ноябрь
2020

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі өткізген айлықтың анықтамасы

Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі өткізген айлықтың анықтамасы
2019-2020 оқу жылында мектепішілік жоспарға сай қазанның 1- 30 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің айлығы өткізілді.
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: 1. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді әдістемелері мен технологияларын, әдіс –тәсілдерін жинақтау, сараптау, іріктеу, жолдарын ұсыну.
2. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға арналған тиімді әдістемелері мен технологияларын ұсыну.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін тиімді қолдану бойынша шеберлік-сыныптар, коучингтер, семинарлар, тренингтер өткізу
4. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға арналған үлгілі ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар шеруін өткізу.
5. Қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша дарынды балалармен жұмыс деңгейін анықтау.
6. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында үлермейтін және үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін тиімді жұмыс деңгейін анықтау.
7. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалу деңгейін анықтау.
Күтілетін нәтиже: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерінің дамыту жолдарының жобасы ұсынылады.
Айлық барысында оқушылардың білім сапасының мониторингі, әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің теориялық білімдері деңгейінің мониторингі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үйірмелердің мониторингі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақтар шеруі, сыныптан тыс-іс шаралар шеруі, шеберлік сыныптар, вебинарлар шеруі өткізілді. Бірлестіктің 16 мұғалімі ашық сабақтар және оқушылар мен мұғалімдерге бағытталған іс-шаралар өткізді. Барлық сабақтар мен іс –шаралар ZOOM платформасымен өткізілді.
Қазанның 27- сі күні Джазбакова Г.Т. 3 «Ж» сыныбымен «Мейірімді Нұрай» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар оқылым,жазылым дағдысы бойынша жұмыстар орындады, септік жалғаулары мен жіктік жалғауларын қайталады. «Кім тез?» әдісі арқылы мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді.
Қазанның 27-сі Рахаева Ұ.С. «Бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру және өткізу ережесі» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар барысында Рахаева Ұ.С. бағалау үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру кезеңдерін, бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу барысында нені ескеру керектігін, бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары мен тоқсандық жиынтық бағалау тапырмаларын құрастыру барысында оқу мақсатын қайдан алу керектігін, ашық, жабық тапсырмаларды қалай құрастыру керектігін, дистракторларды құрастыру кезінде нені ескеру керектігін, қысқа жауапты, толық жауапты тапсырмалар дегеніміз не екендігін түсіндіріп өтті.
Қазанның 28-күні Джетибаева Г.Д. 9-сынып оқушыларымен І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқылым, жазылым әрекеттері бойынша тапсырмалар орындалды. Мұғалім «Сәйкестендіру», «Сұрақ-жауап» әдістерін қолданды.
Сугралиева А.А. 6 «Д» сыныбымен «Тарбағатай тауы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқылым,айтылым, жазылым дағдылары бойынша тапсырмалар орындалды. Сабақта «Суреттер сөйлейді» , «Интервью» әдістерін қолданды.
Скакова М.А. «Қысқа мерзімді жоспарлауды жүргізудің жолдары мен ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар барысында қысқа мерзімді жоспарлауға мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу,күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша жан-жақты мәліметтер берілді. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайтыны, сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылатыны туралы айтылды.Сондай-ақ, cеминарда баяндама оқыған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Скакова Маржанкул Абдрахмановна қысқа мерзімді жоспарлаудың мынадай тиімділіктерін тізіп берді:
Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:
• Оқушылар нені білу керек?
• Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
• Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:
• сабақтың тақырыбын анықтау;
• әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
• оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
• тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
• төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
• уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
• жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
• сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
• оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
• тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.
Сабақ соңында қысқа мерзімді жоспарлаудың жолдары мен ерекшеліктері барысында мұғалімдер арасында бірнеше тапсырмалар орындалып, кері байланыс жасалды.
Қазанның 29-ы күні Абдрахманова Ж.Б. 3 «Е» сыныбымен «Шебер бала» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Айырмашылығы неде?», «Ашық микрофон» әдістерін тиімді қолданды.
Сабақтан тыс іс-шаралар шеруі барысында үйірме жетекшілері Сарсебаева Т.А. мен Ибрагимова Ж.И. 5-10 сыныптар аралығында «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. Онлайн(зум платформасы) өткізілген мәнерлеп оқу іс-шарасына 5-10 сынып оқушылары қатысты.Атап айтар болсақ, 6 "А" сынып оқушылары Қ.Жақсылық, А.Қайрат,А.Маджит,И.Кадирова, 6 "Ә" сынып оқушылары Н.Бейсембай, І.Сарсекан, А.Керімқұл, 9 "А" сынып оқушылары Д.Жақсылық, Ж.Асілбек, 6 "Г" сынып оқушылары М.Кадирова, С.Джульфаева, Ж.Сейсенбай,Л.Борлокова, 6"Д" сынып оқушылары А.Рысқұл, Н.Гамидова, 10"Б" сынып оқушысы С.Тейфурова,10 "В" сынып оқушысы С.Михаил, 10"Ә" сынып оқушысы З.Сатпаева, 5"В" сынып оқушылары Н.Данияр, Б.Сабырбай,К.Бейсен,З.Апсенова, Ж.Аширхан қатысты.
Онлайн мәнерлеп оқу іс-шарасы 3 кезеңде өткізілді:
1-кезең «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы». Қатысушылар Абайдың кез-келген өлеңін мәнерлеп жатқа айтты.
2-кезең. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Абайдың бір қара сөзін жатқа айтты.
3- кезең «Сұрақ - жауап». Абай шығармашылығы мен өмірінен.
Әр оқушы дайындықпен, жақсы өнер көрсетті. Оқушылар Абайды әр қырынан таныта отырып, өлеңдерін, қара сөздерін жатқа мәнерлеп айтты, сұрақ - жауап кезеңінде сұрақтарға жақсы жауап беріп, Абай өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылықтарын көрсете білді.
Қалықова М.Ғ. 2 «З» сыныптарымен «Рәміздерім – мақтанышым!» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Оқушылар қазақ тілінде рәміздер туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды, Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтты, сұрақ-жауап кезеңінде ҚР рәміздері туралы сұрақтарға жауап берді.
Тулекова Г.А. мен Мушенова М.К. мұғалімдермен «Қашықтықтан оқытудағы кері байланыс берудің тиімді жолдары» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар барысында Г.Тулекова мен М.Мушенова білім берудегі басты мақсат – жан-жақты дамыған,өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуде жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде тиімді әдіс-тәсілдерді ықпалдастырып пайдалану жолдарын және оқушылармен кері байланыс жүргізе отырып, сабақтың өтілу барысына талдау жасау туралы түсінік берді. Сондай-ақ, кері байланыс дегеніміз не? деген сұраққа нақты жауап берді. Бұл қазіргі кездегі білім саласындағы өзекті мәселе болып тұр.Кері байланыс – мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация,талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі екенін нақтылап түсіндірді,
Алметова Л.С. «Қашықтықтан оқытуда цифрлық сервистерді пайдалану арқылы оқу мазмұнын берудің жолдары» тақырыбында вебинар өткізді.
29 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жуматаева Г.А «Оқу сауаттылығы. Мәтін сұрақ шешудің жолдары» тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімдерімен вебинар өтті. Г.Жуматаева вебинар барысында «Оқу сауаттылығы, мәтін сұрақ шешудін жолдарына тоқталып кетті. Оқу сауаттылығының үш құрамдаушы бөліктері: жағдай, мәтін, аспект бөліктерін нақты тұжырымдап, мәтін ұсынды. Вебинар барысында мәтін шешудің тиімді жолдарын атап өтті. Өзінің іс - тәжірибесімен бөлісті.
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің теориялық білімдерінің деңгейінің мониторингін шығару мақсатында қазанның 26-сы күні мұғалімдерден тест алынды.
Қазанның 30-ы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі айлығының қорытындысы талқыланды. Айлық барысында өткізілген іс-шаралар мен сабақтар «қанағаттанарлық» деп бағаланды.






Анықтаманы жазған директордың ғылыми
әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: С.Сейсенбаева






















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив