23
октябрь
2020
5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының мектепішілік кезең
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық іс-әрекетке қызығушылықты анықтау және дамыту мақсатында 23 қазан күні 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, жаратылыстану пәндері бойынша 98 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 12 оқушы: Сейлханов Нұртас , Агриненко Ксения,Жумабаев Рашид,Mададов Абдулла,Дубровин Захар, Ахмет Асемай,Жақсылық Қарақат ,Джульфаева Севиль, Сафонова Анастасия,Өркенқызы Құралай, Жайлаубек Мөлдір,Кадирова Милана олимпиаданың аудандық кезеңінде бақтарын сынайтын болады.