23
февраль
2021
Жетекші мектеп пен серіктес мектептің бірлескен жұмысы
Жетекші мектеп пен серіктес мектептің бірлескен жұмысы
2021жылдың 17 ақпан күні Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп- лицейі мен М Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі арасында бірлескен жұмыс жоспары құрылып,білім сапасын,ғылыми -әдістемелік,тәрбие жұмысының сапасын арттыру мақсатында,келесі тақырыптар бойынша:
-Білім саласында соңғы нормативтік – құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету;
-Мектептің ерекшелігіне сай даму бағдарламасын құрастыру;
-Мектептің оқу-тәрбие жоспарының тиімділігін қарастыру;
-Мектеп мұғалімдері мен білім алушылардың осал тұстарын анықтау (сауалнама алу);
-Күнделік KZ (электронды журнал)жүргізу;
-Білім сапасын арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар;
- Әдістемелік бірлестіктердің ұйымдастыру жұмыстарына көмек көрсету;
-Әдістемелік көмекті қажет ететін пән мұғалімдерінің сұраныстарын қанағаттандыру жұмыстары;
-Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді платформаларды пайдалану;
-Халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстары;
-Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарының тиімді жолдары;
-Авторлық бағдарламалар, ғылыми жобалар дайындау ерекшеліктері;
-Тәрбие жүйесіндегі тәжірибелермен бөлісу;
-Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысының тиімді жақтары
-Пәндер бойынша қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау тапсырмаларын дайындау жолдары,- тақырыбында іс-тәжірибе алмасып,көмек көрсетілді.