31
май
2021
31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында кітапханада кітап көрмесі
31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Осылайша «халық жаулары», «ұлтшылдар», «исламшылар», «түркішілдер», «жапония тыңшылары» және т.б. желеулермен қазақтың бас көтерген зиялыларынан бастап, қарапайым еңбек адамдары да жазықсыз саясаттың құрбандығына шалынды. Тіпті, Л.И.Мирзоян Сталиннің бұйрығымен жазықсыз атылғандар санын қолдан мейлінше арттыруға тырысты. 118 мың адам жазықсыз тұтқындалып оның 25 мыңы атылды. Қазақ зиялыларының әйелдері де бұл жазадан тыс қалмады. Күйеуінен бас тартпаған әйелдерді қамады. Бұл лагерь «Алжир» деген атпен тарих беттерінде қалды. Міне, осының салдарынан ұлт зиялылары – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұханмедов, Жаһанша Досмұханмедов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиндер сталиндік саясаттың құрбанына айналып, атылып кетті...
ХХ ғасыр басында қазақ халқының саны ХХ ғасырдың ортасындағыдан 2 есе көп болды. 1872 статистикалық есеп бойынша қазақ даласында 5 миллионнан аса халық болған екен. 1910 жылдары Ахмет Байтұрсыновтың «6 миллион қазақпыз» деп өлеңінде келтіруінің өзі 40 жыл ішінде қазақтардың саны тағы шамамен 1 миллионға көбейгенін білдіреді емес пе? Ал 1939 жылғы санақта қазақтар 2 миллион 300 мың болды. Яғни екі есе азайды.
1916 жылғы көтеріліс, азамат соғысы, тосыннан келеген жұт, 1919-1922 жылдардар аралығында бірінші аштықтың тууына себепкер болды. Мұның салдарынан 1,5 млн адам қайтыс болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нақ осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті.