24
февраль
2021
Сара Алпысқызы 80 жас
Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, білім беру саласының құрметті қызметкері әрі қоғам қайраткері, үлгілі жар, аяулы ана, "Бөбек" қорының негізін салушы Сара Алпысқызы 80 жасқа толып отыр. Кітапханада Сара апамыздың 80 жылдығына арналған "Мейрім төгетін ана" атты кітап көрмесі өтті. Сара Алпысқызы 1992 жылы ана мен баланы қорғауға, жетім балаларды қақморлыққа алып, олардың толыққанды білім алуына жәрдемдесетін "Бөбек" қорының негізін салды. Осылайша жағдайы төмен отбасылардан шыққан немесе жетім балаларға жәрдемдесудің жаңа жүйесін қалыптастырды.
https://www.facebook.com/100042015994827/videos/pcb.1351058128604804/468474487896414
https://www.facebook.com/100042015994827/videos/pcb.1351058128604804/468474487896414