10
февраль
2020
"Балаға жүрек жылуы"
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде 3.02.20 күні "Балаға жүрек жылуы" тақырыбында 3 "Б" сыныбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ мақсаты: "Қайырымдылық", "Мейірімділік", "Адамгершілік" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушысы екендігі, қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән беретіндігі айтылды. Оқушылар адам бойынан табылатын ізгі қасиеттер туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқыды, қайырымдылық жайлы көрініс қойылды, С.А.Назарбаева жайлы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар арасында талқыланды.
“Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.