№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында қаңтар айында «Қамқорлық» акциясы бойынша «Қайырымдылық іс жаса, қайырымды болар әр ісің» атты қайырымдылық концертінің Хабарламасы
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында қаңтар айында «Қамқорлық» акциясы бойынша «Қайырымдылық іс жаса, қайырымды болар әр ісің» атты қайырымдылық концертінің
Хабарламасы
Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Осыған орай мектебімізде 2018жылдың 27 қаңтар күні «Қайырымдылық іс жаса, қайырымды болар әр ісің» атты қайырымдылық концерті өткізілді.
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Жүргізушілер қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық.
Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! сөздерімен концертті бастады. Концертті 9 сынып оқушылары қазақша бимен ашып, Сафонова Анастасияның орындауында «Мама мария» әні, Абатбай Сымбаттың «Ата-ана» әні, Керамадин Асардың «Мама», Ерасылдың «Әкелер», Муралиева Айшаның «Мамочка», 5 в сынып оқушылары «Открой сердце» әндерін орындаса, 5 сыныптың қыздары «Періште» биін, 7 сынып «Өзбекші» биін билеп, Сафонова Анастасия пианинада «Грезы любви» және «Артист эстрады» атты композицияларын орындады. 7 «г» сынып оқушылары мектеп жайлы қызықты көрініс көрсетті.