Lesson study зерттеу жұмыстары 3 «Д» сыныбында
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 2023-2024 оқу жылында Lesson study зерттеу жұмыстары 3 «Д» сыныбында жүргізілді. Зерттеу сұрағымыз: Оқушылардың оқылым дағдысын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы дамыта аламыз ба? Lesson study – дің басты мақсаты: Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру – L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында осы бағдарламаны игерген мұғалімдермен қоса, сынып жетекші және психолог мамандар болды.