Lesson study зерттеу жұмыстары 3 «Д» сыныбында
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 2023-2024 оқу жылында Lesson study зерттеу жұмыстары 3 «Д» сыныбында жүргізілді.
Зерттеу сұрағымыз: Оқушылардың оқылым дағдысын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы дамыта аламыз ба?
Lesson study – дің басты мақсаты: Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру
– L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында осы бағдарламаны игерген мұғалімдермен қоса, сынып жетекші және психолог мамандар болды.
– Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 3«Д» сыныбын алдық. Себебі, ол сыныпта басқа сыныптарға қарағанда білім сапасы төмен болды. Зерттелетін пәндерді мұғалімдердің ұсынысы бойынша алдық.
06.10.23ж.Ұстаздың кір сабағына топ мүшелері қатысып, осы сыныпта өтілген сабақта бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру» – деп алдық.
– Оқушы үнін ескеру мақсатында олардан сұхбат алынды.
– Проблеманы шешу үшін «Оқушылардың оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», « Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды және оқушы үнін ескере отырып, бастауыш сынып мұғалімі Умурзакова Алия Елюбайқызы әріптестерімен ақылдаса І циклдің 1 сабағына жоспары құрылды.