14
ноябрь
2022
«Жаңашыл ұстаздардың ағылшын тілін үйретуді жүзеге асыру»
Педагогикалық іс-тәжірибе мен шығармашылық ізденіс нәтижелерімен бөлісу мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМЛ ағылшын тілі пән мұғалімдердің ұйымдастыруымен әдістемелік жиналыс өтті. 01.11.2022 өткен жиын «Жаңашыл ұстаздардың ағылшын тілін үйретуді жүзеге асыру» атты шығармашылық дискуссия аясында өрбіді. Бұл отырыста қаралған мәселелер:
1. Ағылшын тілін үйрету барысындағы тиімді әдіс- тәсілдер;
1.1 Оқылым, тыңдалым, айтылым,жазылым.
2. Дифференциалды тапсырмалар құрастыру;
3. Білімді интернет ресурстары, платформалар арқылы дамыту;
2.1. интернет платформалары;
4. Функционалды сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар;
4.1. Жазу сауаттылығы;
4.2. Сөйлеу сауаттылығы.
Оқылым дағдысын қалыптастыруда Малхарбек Балнұр баяндап берді.
Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда қолданылатын әдіс – тәсілдері туралы Чалдибекова Мадина түсіндіріп берді.
Айтылым дағдысын қалыптастыруда қолданылатын әдіс – тәсілдері туралы Ауесханова Айгүл сөйледі.
Жазылым дағдысын қалыптастыруда қолданылатын әдіс – тәсілдері туралы Нұрмаш Ұлбосын айтты.
Жазу сауаттылығын қалыптастыру тапсырмаларын құрастыру туралы Апсеитова Камила сөйледі.
Дифференциалды тапсырмалар құрастыру туралы Кулибай Баян Тургунбаева Гулназ сөйледі.
Педагогикалық іс -әжірибелермен бөлісу және оны жас мамандарға тарату мақсатында өткізілген отырыста жаңа технологиялар мен ағылшын тілін үйретуде кездесетін қиындықтықтарды шешу жолдары сауатты ұсынылды және талқыға салынды. Мұғалімдер өз педагогикалық іс-тәжірибесінде қолданып жатқан жаңа әдіс тәсілдермен бөлісті. Ағылшын тілін қызықты әрі оңай үйретуге жәрдемдесетін заманауи форматтағы сайттар таныстырылды. Тілді үйретудің 4 дағдысын жүйелі қамту және ондағы атап айтатын қиындықтардың алдын алу жолдары айтылды.