29
ноябрь
2019
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің декадасы
2019-2020 оқу жылында мектепішілік жоспарға сай қазанның 14-26 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің декадасы болып өтті.
Мақсаты: Тілді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,оқушыны тиімді білім алу үшін тілдік дағдыларды дамыту, қолдану.
Апталықта 13 мұғалім ашық сабақтар және оқушылар мен мұғалімдерге бағытталған іс –шаралар өткізілді.
Аптаның бірінші күні Скакова Маржан «Оқушылардың мәтінді оқу және түсіну сауаттылығына байланысты дағдысын қалыптастыру» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинар барысында Скакова М. функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс-тіршілікте қолдана алуы мен жетілдіре отыруы, сонымен қатар адамның мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі екенін түсіндіріп өтті.
Аптаның екінші күні Мушенова М. «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинар барысында Мушенова М. бағалау үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру кезеңдерін, бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу барысында нені ескеру керектігін, бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары мен тоқсандық жиынтық бағалау тапырмаларын құрастыру барысында оқу мақсатын қайдан алу керектігін, ашық, жабық тапырмаларды қалай құрастыру керектігін, дистракторларды құрастыру кезінде нені ескеру керектігін, қысқа жауапты, толық жауапты тапсырмалар дегеніміз не екендігін түсіндіріп өтті.
Практикалық бөлімінде мұғалімдерді үш топқа бөліп, бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын, оның ішінде жабық тапсырма түрлерін құрастыру тапсырылды. Мұғалімдер таңдап алған оқу мақсаттарына қарай жабық тапсырмалар құрастырып, оны топ мүшелерімен шығып, түсінгендерін айтып өтті.
Аптаның үшінші күні Тулекова Гүлсім 5 «Г» сыныбымен «Қызғалдақты сақтайық» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақты оқушылар «Ыстық алақан» әдісі арқылы бір-біріне тілек айтудан бастады. «Пазл» әдісі арқылы оқушылар екі топқа бөлінді. Сабақтың тақырыбын болжау мақсатында қызғалдақтар туралы бейнекөрсетілім көрсетті. Сабақта «Ривин кестесі», «Топтастыру», «РАФТ» әдістерін қолданды. Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау үдерісі жүріп отырды.
5 «Е» сынып оқушыларымен «Қасқыр мен тиін» тақырыбында Рахаева Ұлжан сабақ көрсетті. Суреттер арқылы екі топқа бөлінді. «Кім шапшаң» әдісі арқылы оқушылар жануарлардың суретін екі бағанға бөліп, атауларын қазақ,орыс тілдерінде атап шықты. Сабақтың тақырыбын болжау мақсатында «Қасқыр мен тиін» ертегісін тыңдатып, соңы немен аяқталатынын оқушылардан сұрап шықты. Оқушылар ертегіні қазақ тілінде сауатты әрі дұрыс айтып берді. Сабақ барысында «Қабырғадағы рөл», «Хикая картасы», «Графикалық органайзер» әдістерін қолданды.
Қазанның 17-сі күні Абдрахманова Жанар 3 «Д» сыныбымен «Әнел ақылды» тақырыбында сабақ көрсетті. Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне тілек айтудан бастады. Түстер арқылы оқушыларды топқа бөлді. Тыңдалым әрекетінен кейін оқушылар «Кофе таяқшалары» арқылы сұрақтарға жауап берді. Әр тапсырманың дескрипторларымен таныстырып отырды. Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау үдерісі жүріп отырды.
Қазанның 18-і күні Джетибаева Гулбану 11-сынып оқушыларымен «Қонақжайлық» тақырыбында сабақ көрсетті. Оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы екі топқа бөлді. Үй тапсырмасын «Конверттегі хат» әдісі арқылы сұрап шықты. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында бейнекөрсетілім көрсетті. Бейнекөрсетілім бойынша сұрақтар қойып, жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Оқушыларға сабақта қонақтың бірнеше түрі туралы мәлімет алды.
Қазанның 18-і күні Жұматаева Гаухарай, Акетаева Назира, Рахаева Ұлжан «Оқыту үдерісінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг өткізді.
Қазанның 18-і күні Акетаева Назира 4 «Д» сынып оқушыларымен «Жаман жолдас» тақырыбында сабақ көрсетті. Сабақ барысында «Таусылмайтын сөйлем», «Шын, Жалған» әдіс-тәсілдерін қолданды.
Қазанның 21-і күні Джазбакова Галина 2 «З» сыныбымен «Менің ең жақын досым» тақырыбында сабақ көрсетті. Сабақта «Доп лақтыру», «Суреттер сөйлейді» әдістерін қолданды. Аталған әдістер арқылы жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындалды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Қазанның 22-сі күні Сугралиева Айнұр 5 «Д» сыныбымен «Қазақстан барысы» тақырыбында сабақ көрсетті. Оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлді. Сабақта «РАФТ», «Сауқат беру», «Дұрыс, бұрыс» әдістерін қолданды.Әр тапсырманың дескрипторларымен таныстырып отырды. Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау үдерісі жүріп отырды.
Қазанның 22-сі күні Абуева Лаура «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау» тақырыбында конференция өткізді.
Қазанның 24-і күні Алметова Луиза 6 «Г» сыныбымен «Қазақстан таулары» тақырыбында сабақ көрсетті. Сабақта «Амандасу түрлері» тренингін, «Таңда», «Синквейн», әдістерін тиімді пайдалана білді. Өзін-өзі бағалау парақшаларын, үлестірмелі карточкалар, суреттерді қолданды. Бейнежазба, аудиожазба материалдарын пайдаланды. Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау үдерісі жүріп отырды.
Қазанның 25-і күні Мушенова Махаббат пен Тулекова Гүлсім 5- сыныптар арасында «Тіл білгірлері» тақырыбында сайыс өткізді. Сайыста «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Мың бір мақал», «Пантомимо» / іс-қимылдармен жасыру, «Шешуін тап», «Сөзжасам» бөлімдері болды. Сайыста оқушылар өздерінің қазақ тілін жақсы білетіндіктерін көрсете білді.
[/center][center][medium]http://9-