Жаңартылған білім мазмұны бойынша Жамбыл облысы, Меркі ауданы В.А.Савва атындағы №9-шы орта мектебіндегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс-шаралары туралы ақпарат. » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » Жаңартылған білім мазмұны бойынша Жамбыл облысы, Меркі ауданы В.А.Савва атындағы №9-шы орта мектебіндегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс-шаралары туралы ақпарат.
23
февраль
2018

Жаңартылған білім мазмұны бойынша Жамбыл облысы, Меркі ауданы В.А.Савва атындағы №9-шы орта мектебіндегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс-шаралары туралы ақпарат.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша

Жамбыл облысы, Меркі ауданы В.А.Савва атындағы №9-шы орта мектебіндегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс-шаралары туралы ақпарат.

 

 


Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру мен оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы міндетті абыройлы атқару үшін мектеп басшысы Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлының басшылығымен мектептегі әдістемелік жұмыс – мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Үнемі педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіруді көздейді. Сондықтан да биылғы оқу жылының басынан бастап мектебімізде туындаған түрлі мәселені қарастыратын педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебінің жұмыстары жоспарланып, іске асырылуда. Өз кезегімен іске асып жатқан шараларға мектеп басшысы мен мектеп әкімшілігі қолдау көрсетіп, көшбасшы мұғалімдер мен деңгейлі курстан өткен мұғалімдер атсалысуда.

Деңгейлі мұғалімдер жаңа білім біру мазмұны бойынша мектеп ұжымына оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беріп, оларды педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту жұмыстарын жүргізу барысында түрлі тақырыптар арқылы үйрету мақсатында коучингтер пен сабақтар көрсету үстінде. Атап өтетін болсам, биылғы оқу жылының жарты жылдығында еңбек пәнінен сабақ беретін көшбасшы мұғалім Серова Светлана «Необходимость внесения изменений методику преподавания» тақырыбында коучинг көрсетіп, оның көрсеткен әдіс-тәсілдерін қолданыста І деңгейлі химия пәні мұғалімі Авдонкина Инга 8«в» сынып оқушыларымен «Воздух – смесь газов. Охрана воздуха от загрязнений» атты сабағында жүзеге асырды. Тренерлік курсты бітірген бастауыш сынып мұғалімдері Тыныштықбаева Саламат пен Кулебаева Анар «Оқу үдерісін жоспарлауда ОҮБ әдістемесі» тақырыбында коучинг өтіп, оқыту үшін бағалау қалай жүргізілетінін ІІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Мусралиева Балнұр 3 «А» сыныбымен «Көбейтудің қасиеттерін қайталау» сабағында көрсетті. ІІ деңгейлі математика пәнінің мұғалімі Оспанова Гүлжан мен информатика пәнінің мұғалімі Елубаева Гүлмира «Критерийалды оқыту – табысты оқыту кепілі» тақырыбында коучинг көрсетіп, критерийалды бағалаудың қалай болатынын ІІ деңгейлі математика пәнінің мұғалімі Амангелдиева Сауле«Арифметикалық және геометриялық прогрестерді қайталау» сабағында көрсетті. Жаңа білім мазмұны бойынша курстан өткен, ІІ деңгейлі мұғалімдерМушенова Махаббат пен Тулекова Гүлсім «Қысқа мерзімді жоспарлаудың тиімділігі» тақырыбында коучинг көрсетіп, қысқа мерзімді жоспарлаудың қалай іске асатынын қазақ тілі пәнінен сабақ беретін І деңгейлі мұғалім Алметова Луиза 7«в» орыс сыныбымен Б.Ұзақовтың «Жантаза» әңгімесі тақырыбында өтілген сабағында көрсетті. Тренерлік курсты аяқтаған,қазақ сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ІІІ деңгейлі мұғалім Абуева Лаура «Оқушылардың бойындағы дағдыларды дамыта отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында өткізген коучингі бойынша ІІІ деңгейлі орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінен сабақ беретін Рахаева Ұлжан 11 «в» сыныбымен жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, «Емтиханға дайындық. Етіс түрлері» тақырыбында сабақ көрсетті. Бұдан басқа түрлі тақырыптарда әр пән бойынша бірлестік құрамындағы мұғалімдер коучинг барысында үйренген интербелсенді әдіс-тәсілдер мен стратегияларды қолданып, ашық сабақтар көрсетіп, тәжірбие алмасты. Әрбір өтілген сабақтарда мұғалімдер оқушыларды тиімді кері байланыспен қамтамасыз етті, олардың өзіндік оқуға белсенді қатысуына ықпал жасады, бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды өзгерту керектігін көрсете білді, оқушыларлың қызығушылығын ояту үшін маңызды стратегияларды қолданды, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістері болды,оқушылардың сыни тұрғыдан өздерін-өздерін бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығы түсіндірудің қажеттілігі көрініс тапты.

Нәтижесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алды. Білім беру сапасы жақсарып, оқушылардың сабаққа, білімге деген көзқарастары өзгерді. Бұл тәжірибе барысындағы мұғалімдердің өздерінің инновациялық іс-әрекеттерін қалыптастырып, оны меңгеруіне мүмкіндік алғандығының дәлелі болып табылады.

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив