22 – 26 қаңтар аралығында аудандық « Қорытынды аттестаттау және ҰБТ- ға дайындаудың тиімді жолдары» атты ашық есік күніне орай математика пәнінен «Квадрат теңдеулерге есептер шығару» тақырыбында шебер сыныбы өткізілді
22 – 26 қаңтар аралығында аудандық « Қорытынды аттестаттау және ҰБТ- ға дайындаудың тиімді жолдары» атты ашық есік күніне орай математика пәнінен «Квадрат теңдеулерге есептер шығару» тақырыбында шебер сыныбы өткізілді.
22 – 26 қаңтар аралығында аудандық « Қорытынды аттестаттау және ҰБТ- ға дайындаудың тиімді жолдары» атты ашық есік күніне орай математика пәнінен «Квадрат теңдеулерге есептер шығару» тақырыбында №9 В.А. Савва атындағы орта мектебінде математика пәні мұғалімі Н.Байтанаеваның ұйымдастыруымен шебер сыныбы өткізілді. Шебер сыныпқа аудан көлеміндегі 10 математика пәні мұғалімдеріқатысты. Шебер сынып мақсаты математиканы оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалімдерге оқушы белсенділігін арттыруда оқытудың тиімділігі мен ондағы белсенді оқу әдіс – тәсілдерін қолдануды түсіндіру болып табылды. Алдымен мұғалімдер «тарсия» бағдарламасы арқылы құрастырылған математикалық пазлдарды құрастыру арқылы үш топқа бөлінді. Одан соң «Санадағы 7 сұрақ» бейнежазба арқылы психологиялық ахуал туғызылды.
Үш топтағы мұғалімдерге математикалық ребус шешу ұсынылды. Әр топ өз тапсырмаларын ойдағыдай орындап шықты. Мұғалімдерге тапсырманы орындау барысында қандай үдеріс байқалғаны туралы сұралды. Іс- әрекет арқылы бірлесе отырып, тапсырманың орындалғаны айтылды. Содан соң теориялық бөлімге көше отырып, әр мұғалім әр сабақта оқытудың белсенді әдіс – тәсілдерін қолдану қажет. Белсенді оқу мен оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылатыны мұғалім тарапынан аталып өтілді.
Мұғалімдерге оқу мен оқытудың белсенді тәсілдері таныстырылым арқылы түсіндірілді:
·Белсенді оқу
·Бірлескен оқу
· Саралау
·Пәнаралық байланыс
·Кері байланыс
· Талқылау
· Технологияларды пайдалану
Практикалық бөлімде мұғалімдерге өз іс – тәжірибемнен сабақтан үзінділер, яғни білімланд ресурстарын пайдалану, жұмыс дәптерлерімен оқушылардың жұмысын ұйымдастыру жолдары, оқушы үніне құлақ асу кері байланысы көрсетілді.
Одан соң әр топ мүшелері ноудбуктар арқылы «квадрат теңдеулерді шешу» тақырыбы бойынша білімланд ресурстарын пайдаланып бірнеше тапсырмаларды орындады. Ол тапсырмаларды скриншот арқылы таратпа материалдары ретінде қолдануға болатыны айтылды. Сонымен бірге «kahoot» бағдарламасы бойынша құрылған тест тапсырмалары орындалды. Ол бағдарламамен қалай жұмыс жасау керектілігі түсіндіріліп өтілді. Сонымен қатар «Plickers» бағдарламасымен дайындалған тапсырманы әр топ мүшесі жеке – жеке орындау арқылы телефон арқылы жауаптарының дұрыс – бұрыстығы тексерілді. Топ мүшелеріне талқылауға арналған тапсырманы орындау берілді.
Бірақ мұғалімдер ол тапсырманы орындай алмады. Оның шешу жолын интернет ресурс арқылы бейнежазбасы ұсынылды. «Конверттегі тапсырма» арқылы әр топ өздеріне берілген тапсырманықызығушылықпен орындап шықты. Соңында мұғалімдерге кері байланыс парақшалары, «SWOT» талдау ұсынылды. Кері байланыс парақшаларын толтырып болғаннан кейін шебер сыныпты қорытындылауда №39 мектеп гимназиясының мұғалімі Мамырбаева Шырын өз «SWOT» талдауына тоқтала келе, бүгінгі шебер сыныптан өзіне керектігін ала алғандығын, осындай іс – шаралар жиі ұйымдастырылса деген ниетін білдірді. Сонымен қатар №8 мектебінің мұғалімі Демесінова Айсулу бүгінгі шебер сыныпта қарастырылған оқытудың белсенді әдіс –тәсілдердің оқушылардың тиімді қарым – қатынасына негізделгендігін, бірлесе үйренудің нәтижесінде өз түсінігіменоқушылар алмаса отырып, жақсы нәтижеге қол жеткізетіні сөзсіз деп оң бағасын берді.
Шебер сынып соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Б. Мұстафина шығармашылықпенжұмыс жасайтын мұғалімдер өз іс – тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын екендіктерін тілге тиек етті. Бүгінгі іс – шарада оқытудың белсенді оқу әдіс – тәсілдерін тиімді қолданудың түрлерінпрактика жүзінде қолдана отырып, мұғалімдер өз кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға мүмкіндік ала алғандықтарын атап өтті. Алдағы уақытта өз іс – тәжірибелерінде мұғалімдер іске асырады деген сенімде екендігін айта отырып, іс – шараны қорытындылады.