27
ноябрь
2018
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі өткізген апталықтың анықтамасы
2018-2019 оқу жылында мектепшілік жоспарға сай қарашаның 20-25 жұлдызы аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы болып өтті.
Апталықтың мақсаты: Тілді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,оқушыны тиімді білім алу үшін тілдік дағдыларды дамыту, қолдану.
Апталықта 13 мұғалім ашақ сабақтар және оқушыға бағытталған сыныптан тыс іс –шаралар өткізілді.
Аптаның бірінші күні Рахаева Ұлжан 1 «Ж» сыныбымен «Менің досым» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақта «Көңіл күй алары» стратегиясы арқылы психологиялық ахуал қалыптастырды. Текше түстері арқылы топқа бөлді. Сабақты «Кім жүйрік», «Кейіркер келбеті», «Белсенділік таныт» әдістерін тиімді пайдаланы білді. Қазақ тілінде төл дыбыстарды еркін айтады. Аталған әдістер арқылы жеке, жұпта, топта тапсырмалар орындалды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Аптаның екінші күні Алметова Луиз Алметова Луиза 5 «Г» сыныбымен «Тұмар туралы аңыз» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта «Амандасу түрлері» тренингін, «Таңда», «Синквейн», «Жеке, тұптық, топтық жұмыстар», «Қол шапалақтау», «Мадақтау» әдістерін тиімді пайдалана білді. Өзін-өзі бағалау парақшаларын, үлестірмелі карточкалар, суреттерді қолданды. Бейнежазба, аудиожазба материалдарын пайдаланды. Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау үдерісі жүріп отырды.
Аптаның екінші күні екінші ауысымда Жазбақова Галина 4 «Д» сыныбымен «Сүйікті тағамым-қазақша ет» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақта «Түрлі түсті кәмпиттер» арқылы топқа бөлді, «Ойлан,тап», «Автор орындығы», «Ой шақыру», «Дана үкі», «Бәйге кезкңі», «Мен,сен,ол», «ББҮ» әдістерін қолданды. Оқушылар сабақ үдерісінде белсенділік танытып, өз ойдарын толық жеткізді. Сабақ өз деңгейін өтілді. Әрбір тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау жүріп отырды.
Скакова Маржан аптаның екінші күні екінші ауысымында 7 «Ә» сыныбымен Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта «Ара» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталап, білімдерін жан-жақты тексерді. САбақта «Хикая картасы», «Балық қаңқасы» әдістерін тиімд пайдалана білді. Оқушылары сабақ барысында көркемдегіш құралдарды анықтай білді.
Аптаның үшінші күні Мушенова Махаббат 5 «Г» сыныбымен «Алтын адам» тақырыбына ашық сабақ өткізді.Сабақта «Түстер»дісі арқылы топқа бөлді, «Конверттегі хат», «Кім жылдам», «Ой шақыру», «Шын,жалған», «Ойлан,тап,жаз», «Мен саған,сен маған», «Сықырлы сандар» әдістерін қолданды. Әр тапсырмадан соң оқушылар қалыптастырушы бағалаудың өзін-өзі, өзара бағалау түрлері жүргізіді. Жалпы айтқанда оқушылардың қазақ тілін меңгеріп, төл дыбыстарды шұбарландырмай нақты сөйлегені және шылау түрлерін жаңылмай айтқаны орыс тілді оқушылар үшін үлкен жетістік екенін айтқым келеді.
Аталған күні екінші ауысымда Абдрахманова Жанар 3 «Д» сыныбымен «Қыс айлары» тақырыбымен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта «Сенім аралы», «шеңбер бойымен әңгімелеу», «Сандар сөйлейді» әдістерін пайдаланды. Оқушылардығ тыңдалым дағдысы жақсы қалыптасқан. Қазақ тілінде жақсы сөйлеп тұр. Тапсырмаларды уақытында орындап шықты. Сабақта «Кім жылдам?», «Шындық, жалған» ойындарын пайдаланы отырып сабағын қызықты өткізді. Аталған әдістер арқылы жеке, жұпта, топта тапсырмалар орындады. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Сугралиева Айнұр 2 «Д» сыныбымен «Менің оқу жабдықтарым» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта «Өрмекші торы», «Сөздер банкасы», «Суреттер сөйлейді», «Толықтыру тесті», топтастыру әдістерін қолданды. Қазақ тілінде төл дыбыстарды еркін айтады. Аталған әдістер арқылы жеке, жұпта, топта тапсырмалар орындалды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Аптаның төртінші күні Беркімбаева Ләззат І ауысымда 1 «Е» сыныбымен «Менің анам» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты Шаттық шеңберімен бастады. Сабақ барысында «Болжау» стратегиясы, «Суреттер сөйлейді», «Дара құты», «Отбасы ағашы», «Сөйлесім» әдістерін тиімді пайдалана білді.Сабақта оқушылар дыбыстарды жақсы айтып,сөздерді оқи алды,аталған әдістерде топта,жұпта,жеке тапсырмалар орындады.
Аталған күннің екінші ауысымында Әкетаева Назира 1 «Д» сыныбымен «Сүйікті тағамым - сүт кеспе» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта «Доп лақтыру», «Ойлан, жұптас», «Адақан сөздер», «Суретті сөйлет» әдістерін пайдаланды.Аталған әдістерді пайдалана отырып,оқушылар жеке,жұпта,топта,жұмыс жасады.Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау жүріп,ауызша кері байланыс үдерісі жүрді.Оқушылар бағалау кезінде өзін-өзі,өзара қалай бағалағанын айтып,еркін жауап берді.
Аптаның бесінші күні бірінші ауысымда Ибрагимова Жібек 3 «Е» сыныбымен «Жылдың төрт мезгілі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы бастады. Сабақта оқушылар жыл мезгілдеріне байланысты «Күз, Көктем» топтарына топқа бөлінді. Сабақта «Автор орындығы», «Сандар сөйлейді», «Телефон тұтқасы» әдісін тиімді пайдаланды.Оқушылар сабақта жұпта,топта,жеке жұмыстар орындады,өзара бағалау жүрді,сабақтағы тапсырмаларды белсене орындады.Сабақты жақсы түсінгендері сабақ соңындағы топтық жұмыс барысында байқалды.
Аталған күннің екінші ауысымында 5 «Д» сыныбымен «Алтын адам» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта «Ыстық алақан», «Кофе таяқшалары», «Ой шақыру», «Ақиқат, жалған», «Жұбыңмен ақылдас» әдістерін, кластерді пайдаланды. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыстарын орындады. Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау үдерісі жүріп отырды. Қазақ тілінде төл дыбыстарды еркін айтады.
Досмайлова Гульнар 3 «Г» сыныбымен «Менің күн тәртібім» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақты психологиялық ахуалдан бастап, білімдерін жан-жақты тексерді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашуда «Болжау» стратегиясын пайдаланды. Сабақтың басында «Сөздік қоржыны», «Дұрыс айт» айдары, «Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланса, сабақтың ортасында дәптермен жұмыс жүргізіп, «Сыртына-ішіне» әдісін тиімді пайдаланды. Сабақ соңында шығармашылық тапсырма берілді. Тапсырма барысында «Хикая картасы» әдісін қолданды. Оқушылар күн тәртібіне байланысты суреттерді ретімен, уақыт бағытымен орналастырып, қорғай білді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары тапсырмалар орындау барысында байқалды. Сабақ барысында саралау тапсырмаларын қолданды. Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүріп, ауызша кері байланыс үдерісі жүріп отырды. Оқушылар бағалау кезінде өзін-өзі, өзара қалай бағалағанын айтып, еркін жауап берді.